» » Облыс әкімі ақ халатты нәзік жандарды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Облыс әкімі ақ халатты нәзік жандарды халықаралық әйелдер күнімен құттықтады


8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Ана мен бала орталығы және «Persona Medical» клиникасының қызметімен танысып, осы ұжымдарда қызмет ететін қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

«Елімізде Президент тапсырмасымен ана мен баланың денсаулығын жақсарту үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкер демеушілігімен облыс орталығында "Анаға тағзым" орталығының құрылысы салынуда. Көпбалалы отбасыларға көрсетілетін көмек мөлшері де жыл өткен сайын ұлғайып келеді.

Ана мен бала орталығы ұжымының әр әйелдің ана бақытын сезінуіне қосқан үлесі өлшеусіз деп білемін. Жарық дүние есігін ашқан әр нәресте мен оның анасына қамқорлықтарыңызды аямай, қызмет көрсетіп келесіздер. Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында әр отбасы іңгәлаған сәби үнімен тербеліп, бақытқа кенелуде. Барлығыңызды көктемнің көркем мерекесімен құттықтай отырып, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әр үйдің базары – балаларымыздың болашағы жарқын болсын, аналарымыздың денсаулығы зор болсын!», – деді құттықтау сөзінде Нұрлыбек Машбекұлы.


Мекеме ұжымымен сұхбаттасу кезінде аймақ басшысы жаңа туған сәбиінің атын қоюды сұраған ана тілегін орындап, Алаш ардақтысы, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай балаға Мағжан деген есім берді.

Облыс әкімі орталықтағы жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесінің, перзентхана блогының және қарқынды терапия бөлімінің жұмысымен танысты.
Еске салсақ, 320 орындық Ана мен бала орталығы 2014 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 713 қызметкер еңбек етуде. Өткен жылы мекеменің артық жүктемесін төмендету үшін жүктіліктің физиологиялық ағымы бар әйелдерді емдеуге арналған 50 төсектік қосымша ғимарат ашылды. Алдағы уақытта Қызылорда қаласында 200 төсектік перинаталдық орталықтың жаңа ғимаратын салу жоспарлануда. Ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында облыстық перинаталды орталық базасында кеңес беру-диагностикалық бөлімі ашылды.

Әрі қарай аймақ басшысы облыс орталығындағы танымал емдеу мекемелерінің бірі – «Persona Medical» клиникасына барды. Клиника 2017 жылдан бастап қызмет атқарып келеді, ауысымына 150 келушіге арналған. Мұнда 50 дәрігер жұмыс жасайды, олардың 90%-ның жұмыс өтілі 25 жылдан асады. Бүгінгі таңда 12 560-тан астам бала осы клиникада кеңес алып, ем қабылдаған.

Облыс әкімі мекемедегі ультрадыбыстық зерттеу, стоматология және арнайы мамандардың қызметімен танысты. Ұжымдағы қыз-келіншектерге ізгі тілегін білдіріп, клиника жұмысына сәттілік тіледі.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 наурыз 2023 ж. 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 381
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 171

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930