» » Алғыс айту – асыл қасиет

Алғыс айту – асыл қасиет

qarmaqshy-tany.kz ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ АҚПЕЙІЛДІЛІГІМЕН, ЖОМАРТТЫҒЫМЕН ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ДАНА ХАЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАН СОНАУ ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАРДА ТАҒДЫР ТӘЛКЕГІНЕ, ЕРІКСІЗ ЕЗГІГЕ ҰШЫРАҒАН КӨПТЕГЕН ҰЛТТЫ БАУЫРЫНА БАСЫП, ҚАМҚОР ҚОЛЫН СОЗҒАН ЕЛ. ТАРИХ ҚОЙНАУЫНА ЗЕР САЛСАҚ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОСЫНДАЙ КӨПҰЛТТЫ ЕЛ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫНА ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЕЛІМІЗДЕ ӨТКЕН ҒАСЫРДЫҢ ОТЫЗЫНШЫ ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖАППАЙ РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАУЫ МЕН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ЕРІКСІЗ КӨШІРІЛУІ СЕБЕП БОЛДЫ. КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОТАРЛАУ САЯСАТЫНЫҢ АРҚАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНҒА ОРЫСТАН БӨЛЕК, УКРАИН, БЕЛОРУС, БАЛҚАР, ШЕШЕН, ТҮРІК, ИНГУШ, ПОЛЯК, НЕМІС, КӘРІС ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҰЛТ КҮШТЕП ҚОНЫСТАНДЫРЫЛДЫ.
Ал, бүгінде тәуелсіз Қазақстан сол ұлт өкілдерінің ұрпақтары бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан бірден-бір ел атанып отыр.
Алғыс айту күні мерекесі кезінде түрлі тарихи себептерге байланысты қазақ жеріне табан тіреген ұлттар мен еліміздің өткенді еске алып, бүгінімізге ризашылығымызды білдіретін күн. Міне, содан бері жыл сайын 1 наурыз – Алғыс айту күнін аудан тұрғындары Қазақстан халқымен бірге тойлап келеді. Биыл да бұл мерекені қармақшылықтар жоғары деңгейде атап өтті.
Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан өнерпаздары сомдаған тақырыптық қойылымнан соң басталған мерекелік салтанатта аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев киелі Қармақшы халқының ауызбіршілігі мен ынтымағы айрықша екенін айтып, жұртшылыққа алғыс айту күніне арналған жылы лебізін білдіріп, аудан әкімінің құттықтауын жеткізді.
Жұлдызхан Байназарұлы өз сөзінде «Алғыс айту күні – жанашырлықты, ризашылық пен сыйластықты айшықтайтын ерекше күн. Бұл күні халқымыздың бір-біріне деген қамқорлығы мен ынтымағы дәріптеледі. Біз осы құндылықтың арқасында түрлі сын-қатерден сүрінбей өтіп, егемендігіміз бен тұрақтылығымызды нығайттық. Қазақ халқы жақсылыққа жанашыр болып, жасалған әрбір жақсы іске алғысы мен ризашылығын білдіріп отыратын, бірлік пен тірлікті, татулық пен тұрақтылықты жанына мұрат тұтқан халық. Осы ретте, ел игілігі үшін әлеуметтік, тұрмыстық нысандардың салынуына тер төге еңбек етіп жүрген құрыш қолды құрылысшыларға, еселі еңбегімен елге танылған сала мамандарына, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген еңбек ардагерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Алты Алаштың бесігін жырға бөлеген, бір ауылдан жүзден аса шайыр мен жыршы-жырау шыққан қасиетті Қармақшы елінің ауызбіршілігі мен ынтымағы жасай берсін», – деді ол.
Сондай-ақ, ол мерекелік шарада ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуы жолында өнегелі өмір жолымен, үлгілі еңбегімен елге танылып жүрген бір топ сала мамандарын, еңбек адамдарын аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Салтанатты шара одан әрі аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ
04 наурыз 2023 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 014

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031