» » Алғыстан асқан құрмет жоқ...

Алғыстан асқан құрмет жоқ...


БҮГІН – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ. БҰЛ – ҚЫСЫЛТАЯҢ ШАҚТА БАР АУЫРТПАЛЫҚТЫ БІРГЕ КӨТЕРІП, ЕЛБАСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДА АЯНБАЙ ТЕР ТӨККЕН ЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ БІР-БІРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ КҮНІ. ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БҰЛ МЕЙРАМДЫ АЛҒАШ РЕТ 2016 ЖЫЛЫ АТАП ӨТТІ. СОЛ ЖЫЛДЫҢ 14 ҚАҢТАРЫНДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІН, ЯҒНИ 1 НАУРЫЗДЫ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ЕТІП ЖАРИЯЛАФДЫ. БҰЛ ТҰСТА БІЗ КІМГЕ АЛҒЫС АЙТУЫМЫЗ КЕРЕК?
Алдымен, әрине, Жаратушы кө­кейімізде тұруы қажет. Одан кейін жарық дүниеге әкелген, аялап өсіріп, қанаттандырған ата-анамызға алғыс айтуға тиіспіз. Содан соң ұлтымыз, Отанымыз тұрады. Кешегі қилы заманда қазақ халқы тағдырдың жазуымен елге келген қаншама ұлт пен ұлыс өкіліне кең құшағын жайып, бауырына тартты, бір үзім нанымен, барымен бөлісті. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқының жүрек жылуын, ыстық ықыласын ұмытпайды.
Жалпы бұл мерекенің тәуел­сіз­дігімізге ширек ғасырдан астам уақыт болған мерейлі жыл­дарымыздағы мерекелер тізбегінің басында тұруы – қазақстандық бірегейлік пен бірліктің, сонымен бірге елдегі саяси қоғамдық келісімнің және халықты біріктіруші жалпыұлттық тарихи сананың нығаюына, сондай-ақ оның ел экономикасы мен халықтың әлеуетін дамытуға ықпалын тигізіп келе жатқаны баршамызға мәлім. Бұл тағдыр тоғыстырған еліміздің көпұлтты халқының ортақ тарихын құрметтейтін күн. Бұл халық арасында қайырымдылық дәстүрін, әлеуметтік ынтымақ пен өзара көмек көрсетуді қолдауға арналған күн. Сонымен бірге, қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірліктің, сонымен қатар мәдени саналуандықтың жарқын күні.
Расында да, сайып келгенде Ал­ғыс айту күні – Қазақстан хал­қын мәңгілікке біріктіруге ба­ғыт­талған Елбасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идея­сының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы, еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына біріктірген Қазақстан Ассамблеясы күні. Тағы бір ерекше айта кететін жайт, бұл ең алдымен тәуелсіз Қазақстанды мәңгілік мекен еткен халықтар арасындағы үндестік пен тыныштық, өзара сенімділік пен құрметтің орнығуына негіз болған Елбасымыздың бейбіт­шілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні деп түсінген жөн. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарының аяғы мен қырқыншы жылдардың басында қазақ халқы Кеңес Одағында үстемдік құрған сталиншілдік сола­­қай саясатпен еріксіз Қазақстанға жер аударылған түрлі ұлт өкілдерінің басына түскен қиыншылықты бірге көтерді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі сол еріксіз Қазақстанды паналаған, Қазақстанды екінші Отаны еткен түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адам­гершілік, сыйластық қарым-қа­тынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Иә, осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні екені рас. Бұл күн қайырымдылық дәс­түрін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Ашаршылық, репрессия мен жер аудару жылдарында қазақ көрсеткен мейрімділік пен сыйластық, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні. Тіпті, қазақстандық патриотизмнің, дос­тық пен бірлігіміздің, мәдени саналуандығымыздың жарқын күні деп те айтуға болады. Алғыс айту күні тек Қазақстанда ғана аталып өтілмейді. Осындай мерекені Америка Құрама Штаттары мен Канада мемлекеттерін мекендеген тұрғындар да жыл сайын қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтеді екен. Қош. Қазекем кейінгілерге «Қарғыс алма, алғыс ал!» деп өнегелі сөз қалдырған. Олай болса, елімізді Алла алғыстан айырмасын демекпіз.

Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
01 наурыз 2022 ж. 367 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031