» » Сала мамандарының ата-аналармен кездесуі өткізілді

Сала мамандарының ата-аналармен кездесуі өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Төретам кентінің клуб үйінде сала мамандарының ата-аналармен кездесуі өткізілді
Кент әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің Төретам кентіндегі мектептердің жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, олардың қауіпсіздігі, суицид, ерте жүктілік, буллингтің алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында комиссия төрағасы Ғалымжан Тажмағанбетұлы, Төретам кентінің әйелдер кеңесінің төрайымы А.Аралбаева және Төретам ауылдық емханасының меңгерушісі Н.Бектасова қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе бала қауіпсіздігін, бала тәрбиесін басты назарға қою, олармен жасалатын құқықбұзушылық әрекеттерінің алдын алу туралы айтып өтті. Қармақшы аудандық білім бөлімінің білім беруді дамыту секторының әдіскері Ақайша Едігеқызы, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты М.Мурзагалиева, Төретам ауылдық емханасының дәрігері А.Токеева, №269 мектептің педагог-психологы Н.Рахметуллаева өздерінің баяндамаларын оқып, жасөспірімдердің қауіпсіздігі, олармен жасалатын құқықбұзушылық, буллингтың алдын алу бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналар тарапынын сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

03 наурыз 2023 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10347)

15 қазан 2024 ж.

№81 (10346)

12 қазан 2024 ж.

№80 (10345)

08 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 429

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031