» » Патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктері

Патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктері

qarmaqshy-tany.kz Қазақтың бүгіні мен ертеңін, өрлігі мен ерлігін, төзімділігі мен мәрттігін жас ұрпаққа насихаттау жолында патриоттық тәрбиенің алатын орны ерекше.
Қазіргі оқу орындарында жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстардың басым бағыттарының бірі – патриоттық тәрбие беру. Елімізде патриоттық деген ұғым – Отанға деген махаббат, адалдық, азаматтық және қоғам игілігі үшін қызмет ету деген түсініктер ретінде қалыптасқан. Патриотизм – азаматты сипаттайтын ең басты қасиеттердің бірі. Сондықтан өскелең ұрпақты Отанымыздың патриоты ретінде тәрбиелеу – ең басты мақсаттарымыздың бірі. Өз Отаны, тарихы, мәдениеті, халқының салт-дәстүрлері, әлем халықтарының мәдениеті туралы жүйелі білімі бар, облыс, қала, аудан сияқты өзінің кішкене Отанының дамуына өз үлесін қоса білетін қоғам мүшесі ретінде міндетін жауапкершілікпен атқара алатын тұлға ғана патриот болуға лайық.
Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиенің бір бөлімі бола тұра, рухани, саяси, азаматтық, эстетикалық және гуманитарлық тәрбиенің бағыттарымен тығыз байланысты. Сонымен бірге, бар күш жастардың әлеуметтік талаптарына, жасөспірімдер мен жастардың керек екендіктерін, қоғам үшін бағалылығын түсінуіне бағытталу керек. Жастар шығармашылығы мен белсенділігіне деген әлеуметтік тапсырыс патриотизмнің құндылығын меңгеруге үлкен жағымды серпін береді, оның тиімділігін оқу, өзін-өзі тәрбиелеу мен жетілдіру процестеріне ықпал етуін арттырады.
Патриоттық тәрбие бойынша төмендегі жұмыстар нақтылы жүзеге асқанда оның нәтижелілігі де оң көрініс болатыны айқын: қоғамда, азаматтардың сезімі мен санасында Қазақстанның тарихи-мәдени өткеніне, дәстүрлеріне маңызды патриоттық құндылықтар мен көзқарастарды бекіту, мәдениет, өнер саясат қайраткерлерін тарту арқылы қазақстандық патриот бейнесін насихаттау, Қазақстан Республикасының рәміздері – Әнұран, Ту, Елтаңбаны құрметтеу, азаматтардың мақтан тұту сезімдерін қалыптастыру, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, құқықтық және басқа да мәселелер барысында азаматтардың белсенділігін арттыру, мемлекеттік тілді дәріптеуге аса көңіл бөлу, патриоттық форумдар, акциялар, дөңгелек үстел отырыстарын, семинарлар, байқаулар, тақырыптық кездесулер өткізу.
Қазақстандықтардың осындай жас ұрпақтарының қалыптасуы барысында мемлекеттік жастар саясатының рөлі айрықша.
Айгүл СҮЛЕЙМЕНОВА,
аудандық аграрлы-техникалық колледж директорының
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
27 ақпан 2023 ж. 712 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 284

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 379

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930