» » Міндет. Абырой. Ерлік

Міндет. Абырой. Ерлік

ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ – МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ, ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ЖАСТАРҒА ЖОҒАРЫ ПАТРИОТТЫҚ ТҮЙСІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА, ОТАНЫНА ШЫН БЕРІЛУ, ӨЗІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫН ОРЫНДАУҒА ДАЙЫН БОЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖОСПАРЛЫ, ЖҮЙЕЛІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ БІРІ. ОЛ ЖАСТАРҒА ОТАНЫНА АДАЛ БОЛУЫНА, ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМІН ТУДЫРУҒА БАҒЫТТАЛАДЫ. АЛ ҚОҒАМДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАСТАРҒА ДА ӨЗІНДІК ЫҚПАЛЫН ТИГІЗЕДІ. СЕБЕБІ ЖАСТАР ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛШЕГІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖАСТАР ҚАЗІРГІ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҚСАТ ПЕН МІНДЕТТЕРІНЕ САНАЛЫ КӨЗҚАРАСПЕН ҚАРАЙДЫ. ӘРІ ОЛАРДЫ ҚОЛДАЙДЫ.
Әскери-патриоттық тәрбие бағытындағы іс-шараларды қолдау мақсатында жыл сайын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан шағын гранттар бөлінеді. Сондай қолдауға ие болған жобаның бірі – Qalqan жобасы. Осы жоба аясында ауданда «Міндет. Абырой. Ерлік» атты әскери-патриоттық форум өткізілді. Басты мақсат – қоғам дамуындағы әскери-патриоттық тәрбиенің ерекше рөлін көрсету және әскери саланың дамуына үлес қосып жатқан тұлғалардың тәжірибе алаңын құру.
Форумға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы Рүстем Тұрғанов және әскери-патриоттық клубтар, сала басшылары, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, Ауған соғысы ардагерлері, Тәжік-ауған шекарасындағы әскери іс-қимылдарға және қақтығыстарға қатысушы ардагерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.
Форум жұмысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Рүстем Тұрғанов, аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы Дәуіржан Бисембаев, ауған соғысының ардагері Әбутәліп Жалмағанбетов, аудандық Полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, полиция подполковнигі Қанат Ерманов және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі, «Ой бренд» қоғамдық қорының Президенті Сабыржан Қуандық спикер ретінде шақырылды. Спикерлер кезекпен сөз алып, әскери-патриоттық сала барысында атқарылып жатқан жұмыстарының үздік нәтижелерімен бөлісті.
Форум соңында Qalqan әскери-патриоттық жобасы аясында өткізілген іс-шаралардың нәтижесі жарияланды. Жоба барысында ұйымдастырылған «Менің атам майдангер» тақырыбындағы шығармалар байқауында 50-ге жуық оқушы бақ сынаған. Қорытынды бойынша ІІІ орын Мархабат Шынболатқа бұйырса, ІІ орынға Алина Амангелдіқызы мен Назира Жакипова лайық деп танылды. Ал І орынды Әсем Шәймаханова мен Асылкүл Жиенмұратова жеңіп алды. Сонымен қатар, жоба аясында Qalqan әскери-патриоттық ойындары өткізілген болатын. Әскери-патриоттық клуб мүшелері байқаулар, сайыстар, эстафеталар және челлендждер бойынша өзара бақ сынасты. Нәтижесінде ІІІ орынды No121 орта мектеп иеленсе, ІІ орынды No26 орта мектеп жеңіп алды. Ал түрлі сайыстан топ жарып, жеңіс төрінен көрініп І орынды иеленген – No27 орта мектеп.
– Жоба аясына өткізілген әрбір сайысқа мектеп оқушылары қызығушылықпен қатысып, әрбір тапсырманы белсенді орындауға тырысты. Патриоттық сезімді арттырып, ер балаларға Отанды сүюдің не екенін ұғындыратын мұндай жобалар мен жаңа бастамалардың қатары арта бермек. Себебі бүгінгі балалар – еліміздің ертеңі, қорғаны мен тірегі, – дейді жоба жетекшісі Нұрасыл Бекматов.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА

14 қыркүйек 2022 ж. 1 395 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 287

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 382

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930