» » Аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Аудандық терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі Ж.Еркінбектің төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары, комиссия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.
1.Байқоңыр кешені құрамындағы Төретам кенті, Ақай елді мекенінде діни экстремизм мен терроризм профилактикасының жүргізілу нәтижелері туралы. Қармақшы ауданы, Жосалы кенті бойынша атқарылған жұмыстары туралы.
2.Аудан аумағындағы террорлық тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру туралы. Жергілікті атқарушы органдар теңгеріміндегі террористік тұрғыдан осал объектілердің жәй күйі туралы.
Екі мәселе бойынша тиісті мекеме басшылары баяндама жасап, жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарын жеткізді.
Жиын қорытындысымен айтылған пікір-ұсыныстар талқыланып, жауапты мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.

25 ақпан 2023 ж. 586 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 159
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 357

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031