» » Аудан басшысы Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралады

Аудан басшысы Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралады

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентіндегі бірқатар нысандарды аралап, жұмысымен танысты.
Алдымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудандық полиция бөліміне барып, материалдық техникалық базаларының жай-күйін бақылады. Сала қызметкерлерімен еркін пікірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарын тыңдады.
Одан соң, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің және аудандық жастар ресурстық орталығының ғимараттарын көрді. Жастар ресурстық орталығы ғимаратын жөндеуден өткізуге жоба сметалық құжаттарын әзірлеу жөнінде тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар «Қазақстан халық банкі» АҚ Байқоңыр филиалының Қармақшы аудандық бөлімінің жұмысымен танысып, халық қызмет көрсету сапасына бақылау жасады.
21 ақпан 2023 ж. 758 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30