» » Бала тәрбиесі бәрінен маңызды

Бала тәрбиесі бәрінен маңызды


Бүгінде өңірде жасөрендердің тұлға болып қалыптасуына және сапалы білім алуына ықпал ету үшін ата-аналар комитеті белсенділік танытуда. Атап айтқанда, тиісті министрлікпен 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие жұмысында мектептер мен ата-аналар байланысын нығайтудың жаңа форматы белгіленді. Осыған орай, ата-аналар қоғамдастығы білім ордасымен бірлесіп, баланың тұлғалық дамуына байланысты игі шараларды ұйымдастыратын болады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Күміскүл Серекеева аталмыш ұйымның негізгі жұмысына тоқталды.
-Қазіргі таңда балалардың мүддесі үшін мектеп пен ата-аналардың ортақ ыңтымақтастықта жұмыс істеуі аса маңызды. Бүгінде облысымыздағы барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар қауымдастығы белсенді жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда біздің комитетте 12 адам қамтылған. Дегенмен, жыл сайын жаңа оқу жылы басында ұйым мүшелері жаңартылып отырады. Ата-аналар комитеті баланы оқыту, тәрбиелеу процесіне қатысып қана қоймай, балалардың физиологиялық және психологиялық даму кезеңдерімен таныса алады. Сондай-ақ, ата-аналар мектептегі үйірмелер, секциялар, клубтар, тренингтер, танымдық шараларға қатысады. Бұдан бөлек, балаларды тәрбиелеу деңгейін бірлесе бағалап, мектептегі өзін-өзі басқаруға да қатысады. Жаңа оқу жылы барысында ата-аналар мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Мектептегі бір күн», «Отбасы – мектеп» және кәсіби бағдар беретін арнайы тренингтер өтті. Алдағы уақытта бұл шаралар өз жалғасын табатын болады, - деді Күміскүл Дүйсенқызы.
Облыста 2019 жылы құрылған Әкелер кеңесі бүгінде 295-ке жуық білім ордасында жасақталды. Жанұядағы әкенің рөлі мен бала тәрбиесіне сүбелі үлес қосып келе жатқан аталмыш кеңес биыл да ауқымды шараларды қолға алған.
- Бүгінгі күні бала тәрбиесімен көбіне аналардың өзі айналысып, жауапкершілік жүгін арқалап жүр. Ал бірқатар әкелеріміз отбасын асыраудың қамымен жүріп, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле алмай жатады. Бұл олқылықтың алдын алу мақсатында Әкелер кеңесі жасақталды. Әкелер құрамында әр түрлі сала мамандары бар. Сондай-ақ, біздің кеңестің белсенді жұмыстарының арқасында бала мен әке арасындағы қарым-қатынас, отбасындағы әкенің рөлі, ұл балалардың тәрбиесі туралы кеңінен насихатталып жүр. Болашақта танымдық және отбасы құндылығы аясындағы іс-шаралар тізбегін көбейтуді жоспарлаудамыз, - деді Әкелер кеңесінің төрағасы Еркебұлан Есенбаев.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

21 ақпан 2023 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031