Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидалары
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындауға облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері уәкілеттік берген мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) көрсетеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін еңбекші көшіп келуші жеке тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) өзі жүгінген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын береді.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ХҚКО ИАЖ) электрондық өтінімді ресімдейді және тиісті шешім қабылдау үшін "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ШЖК ААЖ) жолдайды.
Жергілікті атқарушы органдар еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру туралы шешім қабылдаған кезде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық органдарымен (бұдан әрі – аумақтық органдар) келіседі.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініштерді және құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті алушы Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаларда шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруына рұқсат беруге құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көзделген талаптарына сәйкестігін тексереді, оның ішінде:
1) өтініштің мазмұнын жеке басын куәландыратын құжаттың деректерімен және Мемлекеттік корпорациядан алынған мәліметтермен салыстырады;
2) жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемнің төленген сомасы өтініште көрсетілген рұқсаттың қолданылу мерзіміне сәйкес келетінін тексереді;
3) еңбекші көшіп келушіге жасалатын жинақтау материалдарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды қоса тіркейді.
ХҚКО ИАЖ-дан ШЖК ААЖ-ға келіп түскен құжаттар автоматты түрде "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – КП АЖ) қарауға жіберіледі. Аумақтық органдар келіп түскен құжаттарды 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды.
КП АЖ-дан теріс жауап алған не осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде жауап алмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес қызмет көрсетуден бас тартуды жібереді.
Жергілікті атқарушы орган рұқсаттарды халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде береді.
Жеке тұлғадағы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін еңбекші көшіп келушіге рұқсат, сондай-ақ рұқсатты ұзарту Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру (ұзарту) туралы өтініште көрсетілген мерзімге беріледі және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Еңбекші көшіп келушіге жаңа рұқсат алдыңғы рұқсаттың мерзімі аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күннен ерте берілмейді. Еңбекші көшіп келуші өтініш жасаған кезде рұқсат немесе ұзарту, сондай-ақ бас тарту өтініш түскен күнді есептеме- генде 2 (екі) жұмыс күні ішінде ресімделеді.
Өтінімді қараудың оң нәтижесі - бірегей "QR" коды (5-қосымша) бар электрондық форматта ШЖК ААЖ арқылы ХҚКО ИАЖ-ға келіп түскен жеке тұлғалардан шетелдіктердің еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат (ұзарту) түрінде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері екі данада басып шығарады және көрсетілетін қызметті алушыға беріледі, екінші данасы материалдарға тігіледі.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсат оның өтініші бойынша өтініште көрсетілген мерзімге ұзартылады және ол бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
Өтініш беруші рұқсат мерзімі аяқталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей "ұзартуға" беруге құқылы. Өтініш рұқсат беру аяқталған күні немесе рұқсат беру мерзімі аяқталғаннан кейін берілген жағдайда өтініш беруші үшін "ұзарту" түрі бойынша қызмет қолжетімсіз болады. Өтініш беруші "беру" түрі бойынша жаңа рұқсат алуға өтініш бере алады. Бұл ретте ХҚКО ИАЖ маманы құжаттарды қабылдау кезінде беруге немесе ұзартуға өтініш берудің дұрыс ресімделуін қамтамасыз етуі қажет.
Рұқсат абайсызда бүлінген немесе жоғалған жағдайда жергілікті атқарушы орган өтініш негізінде ШЖК ААЖ бойынша тиісті тексеруден кейін рұқсаттың телнұсқасын береді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) бөлінген квота мөлшерінен асқан жағдайда;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) шетелдік азаматтығының мемле- кеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген елдердің тізімімен сәйкес келмеуі;
5) аумақтық органдардың теріс шешімі;
6) аумақтық органдардың жауапты уақтылы ұсынбауы.
Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды шағымды қарайтын Жоғары тұрған әкімшілік орган (лауазымды адам) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам) шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган (лауазымды адам), егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Шағым Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерде қаралады.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі жергілікті атқарушы органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызметтер көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым кімнің әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Мемлекеттік корпорация басшысының атына беріледі.
Еңбекші көшіп келушіге рұқсатты кері қайтарып алу тәртібі.
Жергілікті атқарушы орган жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында үй жұмыскерлері ретінде жұмыстарды орындауға (қызметтерді көрсетуге) байланысты емес еңбек қызметін жүзеге асырған жағдайда қолданыстағы рұқсатты кері қайтарып алуды жүргізеді.
Жергілікті атқарушы орган рұқсатты кері қайтарып алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кері қайтарып алынған рұқсаттар туралы ақпаратты аумақтық органға жібереді.
Б.НАУАНОВ,
аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әдіскері