Жаңа бизнес-идея: Мемлекеттік грант алуға өтінімдер қабылдау басталады
Kyzylorda-news.kz. Business.enbek.kz порталында 2023 жылғы 20 ақпаннан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 1-лек бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтінімдер қабылдау басталады.
Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту болып табылатын өтеусіз берілген бастапқы капитал.
Қызылорда қаласы бойынша бірінші лекте 95 адамға гранттар беру жоспарлануда. Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 380 000 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.
Гранттар қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өтінім беру үшін қажет:
- Порталда тіркелу;
- грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
- бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу;
- өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Грант алу үшін бірқатар шарттарды сақтау қажет. Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
- Мүгедектігі бар адамдар;
- Қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
- Өңіраралық қоныс аударушылар
- Аз қамтылған отбасы мүшелері;
- Көпбалалы отбасы мүшесі (жұбайы / зайыбы);
- Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
- Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар.
Осы санатқа жататын азаматтар (азаматшалар) жұмыссыз немесе 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкер болуы шарт.
Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету, адами факторды азайту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды.
Грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Грантты: қажетті құрал-саймандарды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, малдарды, жануарларды, құстарды, көшеттерді, бұталарды, тұқымдарды сатып алуға, орын-жайларды жалға алу ақысын төлеуге алуға болады.
Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді.