» » 12 мыңнан астам адам бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды

12 мыңнан астам адам бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алды

Осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде өз ісін ашуға 400 АЕК - ке дейінгі мөлшердегі гранттарды 12,1 мың адам алды, оның 7,9 мыңы (65,3%) - ауылдық жерлердің тұрғындары, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бизнесті ашуға мемлекеттен қаржылық қолдау бөлінген азаматтар грант алған күннен бастап үш ай ішінде өз қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес салық органдарында тіркеуге міндетті. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік қызметті 7 133 адам тіркеді.
Мемлекеттік грант алушылар қатарында жастар арасынан 5 865 адам, көпбалалы отбасылардан 3 580 адам, 1 061 – мүгедектігі бар адам, 760 – мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адам, табысы аз отбасылардан 453 адам, 119 ішкі қоныс аударушылар, 97 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 15 қандас бар.
Гранттар қажетті құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды сатып алуға, жануарларды өсіруге және өсімдіктерді өсіруге, сондай-ақ үй-жайларды жалға алуға берілді.
2022 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын жастар мен азаматтар үшін 20 мың грант беру жоспарлануда. Әлеуетті алушыларды іріктеу 5-ші лекте жүргізілетін болады, бұл ретте 4-ші лек шеңберінде кандидаттардан өтінімдерді қабылдау 30 қыркүйекте аяқталатынын істеріңізге сала кетейік.
Грант алуға өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру ол басталғанға дейін күнтізбелік 10 күн бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы жұмыспен қамту органдарының және қалалар мен аудандардың халықты жұмыспен қамту орталықтарының интернет-ресурстарында жарияланады.
Гранттар берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды, мемлекеттен өз ісін ашуға қаржылық қолдау алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.
13 қазан 2022 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10321)

16 шілде 2024 ж.

№55 (10320)

13 шілде 2024 ж.

№54 (10319)

10 шілде 2024 ж.

Оқиғалар

Көк тәбішке
12 шілде 2024 ж. 155
Қызғаншақ кемпір

Қызғаншақ кемпір

08 шілде 2024 ж.

Сұхбат

Әйел алмайтын асу жоқ
16 шілде 2024 ж. 105

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 314

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031