» » Үрей құшағындағы Түркия

Үрей құшағындағы Түркия

qarmaqshy-tany.kz АПТАНЫҢ БАСЫН ТҮРІК ХАЛҚЫ ҚАЙҒЫЛЫ ХАБАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ. ТҮРКИЯНЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫСЫМЕН ОҒАН КӨРШІЛЕС ЖАТҚАН СИРИЯНЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕ БІР КҮНДЕ ЕКІ МӘРТЕ ЖОЙҚЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ ОРЫН АЛДЫ. ТАҢҒЫ САҒАТ ТӨРТ ЖАРЫМ ШАМАСЫНДА БАСТАЛҒАН ЖЕРДІҢ ДҮМПУІ 7,4-тен 7,7-і БАЛЛҒА ДЕЙІН ЖЕТКЕН. ЕЛДІҢ КАХРАМАНМАРАШ ПРОВИНЦИЯСЫНДА БОЛҒАН ЗІЛЗАЛА АЙМАҒЫНДАҒЫ 10 ПРОВИНЦИЯСЫНДА ДА ҚАТТЫ СЕЗІЛГЕН. ӨКІНІШКЕ ҚАРАЙ, ҚИРАҒАН ҮЙЛЕР, АДАМ ШЫҒЫНЫ МЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ ӨТЕ КӨП. ТҮРКИЯ БИЛІГІ ОСЫҒАН САЙ ТӨРТІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ДАБЫЛДЫҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙІН ЖАРИЯЛАДЫ.

Дерекке сүйенсек, мұндай жойқын апат Түркияда соңғы рет 1939 жылдан бері қайталанып отыр. Жалпы бұл ел жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары аймақ қатарында. Сейсмологтардың айтуынша ел аумағында жер сілкінісі екі күннің бірінде болады екен. Алайда магнитудасы аз болғандықтан тұрғындар оны сезе бермейді. Кешегі болған дүмпуде магнитудасы жоғары баллды көрсетіп, айналасындағы Газиантеп, Кахраманмараш, Хатай, Османие, Адияман, Малатия, Шанлыурфа, Адана, Диярбақыр және Килис шаһарына зардабын тигізген. Қаншама көпқабатты ғимараттар қирап, тұрғындар үйінді астында қалған. Ал Сирияның Латакия, Хама және Тартус провинциясында да жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар көп. Төтенше жағдайдан кейін Түркияда жеті күндік аза тұту күні жарияланып, табиғи апаттан зардап шеккен провинцияларда үш айға төтенше жағдай режимі енгізілді.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бүгінде қаза тапқандар саны – 17 мыңнан асса, зардап шеккендер – 64194 жеткенін мәлім етті. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі де өзгеретіні сөзсіз. Себебі үйінді астында қалғандар 6-сынан бері жатыр. Зардап шеккен аудандарда ауа температурасы нөлден төмен көрсетуде. Осыдан кейін оларды тірідей алып шығу мүмкіндігі азайып барады. Ал аман қалғандар баспанасынан айырылып, көшеде түнеп жүр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы олардың үсіп қалу қаупі барын айтып, дабыл қағуда. Қазір Түркия еліне әлем қауымдастығынан көмектер келіп жатыр. Құтқарушылар тынымсыз үйінді астында қалғандарды іздестіруде. Бетонның астында қалған адамдарды тез табу үшін иіс сезгіш иттерге дейін жұмылдырылды. Бүгінде әлеуметтік желіге жүктелген суреттер мен бейне жазбалар көптің қабырғасын қайыстыруда. Соның бірі – Сирияда інісімен қиранды астында қалған қаршадай қыз құтқаруға келген адамға «Бізді құтқарып қалсаңыз, сіздің күңіңіз болып өтейін» дегені көпті елжіретті. 7 жасар қыз 17 сағат бойы үйіндінің астында інісінің басын қорғап жатқан. Одан бөлек қирандының астында босанып қалған ана. Өкінішке орай сәби тірі қалғанымен анасы көз жұмды. Тағы бір жүректі жылатқан көрініс үйіндінің астында көз жұмған қызының қолын ұстап отырған әке, баласын денесімен жауып құтқарып өзі марқұм болған әке... Айта берсеңіз жүрегіңіз ауырады.
ҚАЗАҚСТАН ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ – ТҮРКИЯДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түрік еліндегі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты осы елдің президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Онда «Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым» деп сол елге тиісті көмек көрсетуге дайын екенін айтты. Осыдан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Қазақстан ТЖМ құтқарушылары президент тапсырмасымен зілзала салдарын жоюға көмек көрсету үшін Газиантеп қаласына аттанды. Жасақ құрамында кинологиялық есептер және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері бар. Қазір олар үйінді арасынан қаза болған адамдарды шығарып, иттің көмегімен тірі қалғандарды іздестіруде. Сонымен қатар, қаланы қираған үйінділерден тазарту сынды жұмыстарға да атсалысуда.
Түрік еліне көмек көрсету мұнымен тоқтап қалған жоқ. Елге танымал әнші Димаш Құдайберген концертінен түскен қаржысының бір бөлігін алапат жер сілкінісі болған екі мемлекетке аударатынын жеткізді. Ал журналист Нұрбек Бекбау жер сілкінісінен зардап шегіп, үйсіз қалғандарға елден 100 киіз үй жіберуді ұсынғанды. Осылайша қор ашылып, қайырымды жандардан жиналған қаржыға 50, жеке кәсіпкерлерден 50 киіз үй, сонымен жалпы 100 киіз үй түрік бауырларымызға жіберілді. Сонымен қатар, Түркістан қаласы да ұшақпен гуманитарлық көмек жібермек.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
11 ақпан 2023 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031