» » Гаитиде 7,2 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 300-ден асты

Гаитиде 7,2 баллдық жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 300-ден асты

Гаитиде 7,2 баллдық қуатты жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 304 адамға өсіп, тағы 2 мыңға жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды  ВВС.


Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар ғимараттардың қирандыларының арасынан тірі қалғандар мен құрбандарды іздеуді жалғастыруда.
Ел премьер-министрі "үлкен шығын" болғанын айтып, бір айға төтенше жағдай жариялады.
Гаити 2010 жылғы болған жойқын жер сілкінісінен әлі де қалпына келу үстінде.
Премьер-министр Ариэль Генри зардап шеккендерге көмектесу үшін мобильді топтың жасалқталғанын айтты.
"Ең бастысы үйінді астында қалған зардап шегушілердің қалыпқа келуі үшін барлық жағдай жасалуы қажет. Біз жергілікті оның ішінде Ле Ке-де орналасқан ауруханалардың жарақат алған тұрғындармен толып қалғанын білдік", – деді ол.
Еске салсақ, 14 тамызда Гаитидің батысында магнитудасы – 7,2-ге тең қуатты жер сілкінісі болды. Америкалық сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпуі 10 км тереңдікте. Жер сілкінісінің ошағы елдің астанасы Порт-о-Пренс қаласынан 125 км қашықтықта орналасқан. Зілзала ауқымы мен қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз. 
Гаитидегі бұл зілзала 2010 жылғы 250-300 мың адамның өмірін қиып кеткен жойқын жер сілкінісінен небәрі 75 шақырым қашықтықта болды.
15 тамыз 2021 ж. 655 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930