» » Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты

Түркиядағы жер сілкінісі: Қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты

АНКАРА. ҚазАқпарат – Түркияда жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, Кахраманмараштағы зілзала салдарынан 12 391 адам көз жұмды, 62 914 адам жарақат алды.
Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.
AFAD дерегіне сәйкес, 6 ақпан күні Кахраманмараш-Пазарджик ауданында 7,7 балл қуатымен және Эльбистанда 7,6 балл қуатымен жер сілкінгеннен кейін 648 афтершок болды. Жерасты дүмпуі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес елдерде, соның ішінде Сирияда сезілді.
Кеше, 8 ақпанда түрік елінде 5,4 магнитудасымен тағы бір сілкініс тіркелді.
Еске салайық, Қазақстан құтқарушылары мінген борт 7 ақпан күні Газиантепке қонған болатын. Мамандарымыздың екінші тобы Газиантепке кешке кешқұрым жетті.
Қазір Түркиядағы жер сілкінісі кезінде жоғалып кеткен қазақстандықтар іздестіріліп жатыр. Олардың бірі – Сабина Мамадьярова 8 ақпан күні кешке аман-есен табылды.
09 ақпан 2023 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 395
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930