» » Енді ипотеканы бастапқы жарнасыз алуға болады

Енді ипотеканы бастапқы жарнасыз алуға болады

ЦентрКредит бастапқы жарнасыз ипотеканы іске қосты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бастапқы жарнасыз ипотеканы алу үшін қосымша жылжымайтын мүлікті кепілге қою керек. Басқа біреудің атындағы пәтер немесе жеке үй де кепілзатқа қабылдана береді. Сосын үйдің локациясына шектеу жоқ. Мәселен, ипотека Астанадағы пәтерге рәсімделсе, кепілзатқа Қазақстанның басқа аймағындағы баспананы ұсынуға болады. Бірақ үйдің бағасы ипотека сомасының 20 процентінен кем болмауы керек.

Ипотеканың негізгі шарттары:

шекті сомасы – 100 миллион теңге;
мөлшерлемесі ипотеканың мерзіміне қарай есептеледі (10 жыл – 17%, 15 жыл – 18,5%).


Кез келген облыстағы жылжымайтын мүлікке ипотека рәсімдеуге болады. Жаңа үйге де, қолданыстағы үйге де кредит беріледі. Ал кепілзатқа бірқатар талап қойылып отыр. Атап айтқанда, кепілге қойылатын баспананың салынғанына 50 жылдан көп болмауы керек. Иесінің жасы 60-тан аспауы шарт.

06 ақпан 2023 ж. 575 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

№39 (10507)

26 мамыр 2026 ж.

№38 (10506)

23 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 212
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 771

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930