» » Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысу қанша тұрады

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысу қанша тұрады

Krisha.kz қазақстандықтардың бұрын жарияланған жаңа ипотека бойынша шығындарын есептеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта ипотеканың келесі шарттары белгілі:
  • 20 пайыздан басталатын алғашқы жарна;
  • қарыздың ең көп сомасы - Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 35 миллионға дейін, қалған өңірлерде 25 миллион;
  • қарыз алушы үшін жылдық мөлшерлеме11-12 пайыз;
  • несие мерзімі 20 жылға дейін
Басылым қазақстандықтар үшін әр түрлі баға санаттарындағы пәтерлерді таңдауды ескере отырып, жаңа ипотекалық бағдарламаға қатысу қанша тұратынын есептеді.
"Бастапқы жарнаны, несиенің жалпы мөлшерін, ай сайынғы төлемдерді максималды 20 жылға есептейміз. Аннуитеттік төлемдерді жылдық 12 пайыз мөлшерлемемен тең үлестермен қарастырамыз. Сондай-ақ біз отбасының қажетті табысын көрсетеміз және артық төлемді білеміз", – деп түсіндірді Krisha.kz.
Пәтер құны 43 миллион 750 мың теңге болса;
Максималды несие 35 миллион және бастапқы жарна 20 пайыз. Бұл объектінің шекті бағасы.
  • Ипотека – 35 миллион теңге.
  • Бастапқы жарна – 8,7 миллион теңге.
  • Ай сайынғы төлем – 385,4 мың теңге.
  • Бастапқы жарнаны есепке алғандағы толық шығындар – 101,2 миллион теңге.
  • Артық төлем – 57,5 миллион теңге.
  • Жалпы отбасылық табыс айына 770 мың теңгеден кем болмауы керек.
Пәтер құны 35 миллион теңге болғанда;
  • Ипотека-28 миллион теңге.
  • Бастапқы жарна – 7 миллион теңге.
  • Ай сайынғы төлем – 308 мың теңге.
  • Толық шығындар – 81 миллион теңге.
  • Артық төлем – 46 миллион теңге.
  • Отбасының жалпы табысы – айына 617 мың теңгеден кем емес.
Пәтер құны 27 миллион теңге болғанда
  • Ипотека-21,6 миллион теңге.
  • Бастапқы жарна-5,4 миллион теңге.
  • Ай сайынғы төлем – 238 мың теңге.
  • Толық шығындар – 63 миллион теңге.
  • Артық төлем – 35 миллион теңге.
  • Отбасының жалпы табысы-айына 476 мың теңгеден кем емес
Пәтер құны 20 миллион теңге болғанда
  • Ипотека-16 миллион теңге.
  • Бастапқы жарна – 4 миллион теңге.
  • Ай сайынғы төлем – 176 мың теңге.
  • Толық шығындар – 46 миллион теңге.
  • Артық төлем – 26 миллион.
  • Отбасының жалпы табысы-айына 352 мың теңгеден кем емес.
Басылым жаңа бағдарлама бойынша пәтерді тек бастапқы нарықта сатып алуға болатынын атап өтті.
  • Салынып жатқан (құрылыс салушыда кепілдік беру қорының келісімі болған кезде);
  • дайын, бірақ өтінім бергенге дейін 6 айдан аспайтын уақытқа.
06 шілде 2022 ж. 408 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031