» » Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді

Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізілді

qarmaqshy-tany.kz Бүгін "AMANAT" партиясы Қармақшы аудандық филиалының мәжіліс залында партияның аудандық филиалының төрағасы Қошалақов Әділ Үсенұлы Жосалы кентінің үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Әділ Үсенұлы қатысушыларға елімізде және өңірімізде партия тарапынан жасалынып жатқан жұмыстар жайлы айтып берді.Келесі болып сөз кезегін алған халықаралық "Қазақ тілі" қоғамдық ұйымының төрағасы Күлжауһар Төлегенқызы өз сөзінде ауданымызда балық өңдеу цехы іске қосылса деген ұсынысын білдірсе, аудандық әйелдер кеңесінің мүшесі Индира Абдибекова несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайтуға ықпал жасалса деген тілектерін білдірді. Аудандық емхананың психологы Әмина Кетебаева өз кезегінде жастар арасында жалпы қоғамда азаматтық неке ұғымына байланысты өз пікірін білдірді. Кездесуге қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
03 ақпан 2023 ж. 463 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 669

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031