» » Тұрғын үй нарығын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Тұрғын үй нарығын қандай өзгерістер күтіп тұр?

Сұраныстың артуына өңірлік ипотекалық бағдарламалар ықпал етуде.
Елімізде жылдан жылға шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе – тұрғын үй қорының жетіпеушілігі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлі 200 млн шаршы метр баспана салу керек
Біріккен Ұлттан Ұйымының халықаралық талаптарына сәйкес, елдегі әр тұрғынға кемінде 30 шаршы метрден келуі тиіс. Алайда Қазақстанда көрсеткіш 23 шаршы метрден аспайды. Биылдың өзінде 18 млн шаршы метр баспана салынуы керек еді. Алайда импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы салдарынан жоспар 15,1 млн шаршы метр деңгейінде ғана жүзеге асырылады.  
Сұраныс төмендеді, баға өсті
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қараша айында елімізде жалпы саны 33 797 тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі жасалды. Бұл қазан айымен салыстырғанда 1,6%-ға аз.
20 аймақтың 11-інде транзакциялар саны азайған. Сұраныстың ең көп төмендеуі БҚО-да (-22,8%) тіркелді. Астанада бір айда мәмілелер саны 3,8%-ға өсті. Алматыда 0,9% төмендеген.
Бағаға келер болсақ, биыл жаңа тұрғын үйлер 17,3%, қолданыстағы пәтерлер 26,9%-ға қымбаттады. Өңірлер бойынша жаңа жылжымайтын мүлік бағасы Ақтөбе, Семей және Ақтауда айтарлықтай өсті. Талдықорған, Ақтау, Семей, Ақтөбе мен Астанада қайталама нарықтағы үйлер 40%-ға дейін шарықтады.
Орта есеппен шаршы метр бағасы:
  • Жаңа үй – 435 861 теңге,
  • Қайталама нарық – 489 704 теңге,
  • Тұрғын үйді жалға алу – 4 754 теңге.
Жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы Мәдина Болатханқызының пайымынша, мұндай қымбатшылыққа бірнеше фактор әсер етті. Оның негізгісі – шарттары тиімді болып келетін өңірлік ипотекалық бағдарламалардың артуы. 
"Біріншіден, импорттық құрылыс материалдары қымбаттады. Одан бөлек қазір "7-20-25" бағдарламасының лимиті аяқталуына аз қалды. Сол үшін халық осы пайыздық мөлшерлемесі төмен бағарламамен үй алу үшін жан таласуда. Құрылыс компаниялары да жыл соңына дейін нысандарын аяқтап, оны барынша жарнамалауда. Осы ретте халық тарапынан сұраныс та артты. Сонымен қатар бағаға өңірлік ипотекалық бағдарламалар да ықпал етуде. Мысалы, "Алматы жастары", жақында "Ақтөбе жастары" жобасы басталды, міне, "Абай жастары" бағдарламасы басталады. Осыған дейін болмаған бағдарламалардың көптігі нарықты қымбатшылыққа әкеліп отыр", – дейді маман.
Алдағы жылы баға төмендей ме?
Жылжымайтын мүлік бойынша сарапшы 2023 жылы баға төмендемейтінін айтады. Оның пайымынша, шаршы метр құнына импорттық құрылыс материалдарының қымбаттауы, халық тарапынан сұраныс ықпал етеді.
"Жаңа жылдан кейін тұрғын үй бағасы қымбаттамайды деп айта алмаймын. Себебі ипотекалық бағдарламалардың бірі жабылса, жаңа талаппен міндетті түрде тағы бір ипотекалық бағдарлама ашылады. Бұған қоса банктер, неше түрлі тұрғын үй мүмкіндіктетін ұсынатын компаниялар үй алуға байланысты насихат жұмыстарын жылдан-жылға ауқымды етіп ұйымдастыруда. Сондай-ақ елімізде қаншама адам баспана алып жатса да, тұрғын үйге мұқтаж адамдар саны әлі де көп", – деп түйіндеді сарапшы.
Еске сала кетсек, Ұлттық банк "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы алдағы жылы да жалғасатынын хабарлады.
27 қаңтар 2023 ж. 318 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 262

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930