» » «Арманға қанат қаққандар»

«Арманға қанат қаққандар»

qarmaqshy-tany.kz№277 мектеп-лицейінде аудандық «Арманға қанат қаққандар» тақырыбында студенттермен кездесу кеші өткізілді. Кешке жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер және 10-11 сынып оқушылары, ұстаздар қауымы қатысты. Кештің мақсаты: кәсіби бағдар беру барысында мектеп бітіруші түлектерді жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттермен кездестіре отырып,болашақ мамандығын таңдауда жүйелі көзқарастарын қалыптастыру, кәсіби мамандыққа деген қызығушылығын арттыра отырып, сол жолда тиянақты да, саналы білім алуға деген ұмтылыстарын оятуға бағыт беру болып табылды. Кешті мектеп-лицей директоры Тлеугабылова Жумагул Косжанкызы ашып, келген қонақтарды жаңа жылмен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты. Студенттер мектеп бітіруші түлектермен өзара пікір алмасып, қойған сауалдарына жауап берді. Мектеп-лицей директорының бейінді істер жөніндегі орынбасары Апбазов Жәнібек Апбазұлы «Грант иегері атанудағы маңызды қағидалар» жөнінде сөз қозғап, аймақ мектептерінен келген бейінді істер жөніндегі орынбасарлар өздерінің ұсыныстарын айтып, тәжірибе алмасты. Мектеп педагог-психологы Мұнарбаева Айгүл Жұмағалиқызы келген қонақтармен тренинг өткізіп, мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Амантаева Галия Муслимовна 2023 оқу жылындағы ҰБТ-гі өзгерістермен таныстырып өтті. Кешті Байқоңыр қалалық білім беруді дамыту секторының меңгерушісі Алданова Жадыра Тураровна қорытындылады.
16 қаңтар 2023 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930