» » ҚР Парламенті сенатының депутаты мұрат бақтиярұлы ауданымызда болды

ҚР Парламенті сенатының депутаты мұрат бақтиярұлы ауданымызда болды

qarmaqshy-tany.kz 2022 жылдың 27 желтоқсан күні ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы мен 2023 жылдың 14 қаңтар күні өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауына облысымыздан депутаттыққа үміткер ретінде кандидаттар Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы, Руслан Рүстемов және Шаменов Асылбек Өмірбекұлының сенімді өкілдері іссапармен келді. Мәжіліске облысымыздан үміткер ретінде тіркелген кандидаттар Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы, Рүстемов Руслан (Биғали Каюпов сенімді өкілі) және Кенжеалиев Димаш Абатұлы (Шаменов Асылбек Өмірбекұлының сенімді өкілі) арнайы келіп қатысты.
Мәжілісті аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов ашып жүргізіп отырды.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауына облысымыздан депутаттыққа үміткер ретінде кандидаттарының сенімді өкілдері өмірбаяндары мен сайлауалды бағдарламаларын таныстырып өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауына облысымыздан депутаттыққа үміткер ретінде кандидаттарды қолдау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары өз ұсыныс-пікірлерін айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайлауына облысымыздан депутаттыққа үміткер ретінде кандидат Руслан Рүстемұлының сенімді өкілі, қоғам қайраткері Биғали Әбдікерұлы сөз кезегін жалғастырды.
Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы өзінің атқарған жұмыстарына және әлі де атқарылатын игі шаралардың алдағы уақытта жүре беретіндігіне тоқталды.
Жиын барысында аудан әкімі Ә.Ерсұлтанов Мұрат Бақтиярұлына аудан халқы атынан өз ризашылығын білдіріп сый-сыйапат жасады.
Ауданымыздың құрметті азаматтары Ә.Құлдүйсенов Қ.Есдәулетов Мұрат Бақтиярұлының атқарған жұмыстарына, жалпы жүріп жатқан науқанға өз бағасын бере келе сәттілік тіледі.
Жиынды аудандық мәслихат хатшысы қорытындылап келе жатқан жаңа мерекелерімен құттықтап, алдағы науқанға үміткерлерге сәттілік тіледі.

27 желтоқсан 2022 ж. 599 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930