» » Өмірін өлеңімен өрнектеген

Өмірін өлеңімен өрнектеген

qarmaqshy-tany.kz Т.Көмекбаев атындағы мектебімізде "Оқуға құштар мектеп" жобасы бойынша "Өмірін өлеңімен өрнектеген" атты бенефис шоу болып өтті.
Бенефис шоудың басты қонағы асқаралы ақын, қадірлі қаламгер, сұлу сөздің саңлағы атанған сыр сүлейлерінің ізбасары, ұлағатты ұстаз — Нәзікбаев Дастанбек Мырзабекұлы қонақ болды. Жергілікті ақынға арналған бұл кеште ақынның жары, балалары, бала кезгі достары, шәкірттері қатысып, ағайдың қызықты да өнегелі кезеңдерін айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Бағдарлама барысында Дастан ағайға қызықты сұрақтар қойылып, сүбелі сұхбат жүргізілсе, ақынның кітабын сүйіп оқитын оқушылар өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. 9-сынып оқушысы Қарабдинов Қайсар арнау арнаса, сол жерде бір шумақ өлең шығарған Орынбасаров Ердәулет те ағайды өзіне үлгі тұтатынын жеткізді. Ағайдың өлеңіне жан бітіріп, терме нақышына келтірген шәкірті Бибазаров Нұржан "Анаға арнау" айтып, көпшіліктің көңілін босатты.
Бенефис шоу соңында мектеп-лицей директоры Гүлжахан Жұмағалиқызы әріптес ретінде қызықты естеліктерімен бөлісті және мектептің атынан естелік сыйлықты тарту етті. Мектебіміздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сқақова Фатима "Жақсы адамдарым" әнімен кешті қорытындылады.
Ұйымдастырушы: Саршаева А.

23 желтоқсан 2022 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 367
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 137

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930