» » Кітапханадағы туған күн

Кітапханадағы туған күн

qarmaqshy-tany.kz "Coworking"орталығында «Кітапханадағы туған күн» жобасы аясын да балаларға арналған мерекелік іс-шара болып өтті.
Туған күн иелері кітапхананың оқырмандары №79 негізгі мектептің 2 сынып оқушысы Жұмахан Нұрымжан, 7 сынып оқушысы Дүйсенғали Салтанат. Шараға туған күн иелерімен бірге ата-аналары, бауырлары және достары қатысты. Балалар кітапханадағы уақыттарын өте көңілді өткізді.
Бұл күні туған күн иелеріне ерекше сый-құрмет көрсетілді. Зал мерекеге сай әсем безендірілді. Мерекеде туған күн иелеріне тәрбие ісінің орынбасары Нақыпова Күлзира,алғашқы ұстазы Асанова Гулзира,Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Бегежанова Рауан,бастауыш сынып мұғалімі Ермашова Айгул апайлары құттықтаулар айтып, жылы лебіздерін білдірді. Балалар ән салып, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Шара соңында туған күн иелеріне жаңа жылдық сыйлық сыйға берілді.
Кітапхана - ол тек қана кітап, журнал сақталатын орын ғана емес, ол - отбасылық бас қосулар мен көңілді кездесулер орны. Қызықты және ерекше өткен «Кітапханадағы туған күн» балалардың есінде мәңгі сақталып қалатын мереке болды. Балаларға осындай қуанышты сәт сыйлаған кітапханаға ата-аналар өз ризашылықтарын білдірді.
21 желтоқсан 2022 ж. 591 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031