» » КІТАПХАНАДАҒЫ «ТУҒАН КҮН»

КІТАПХАНАДАҒЫ «ТУҒАН КҮН»

Жақында Қызылтам ауылдық кітапханасында мүшел жасқа толған кітапхананың тұрақты жас оқырмандарының туған күні аталып өтті. Мерекелік шараны кітапханашы Айткүл Құлбаева ұйымдастырды. Ол шарада қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша мүшел жастың ерекшелігі мен маңызы жайында кеңінен әңгімеледі.
Айтулы мерекеде туған күн иелері Ұлжан Ғалымжанқызы, Бақберген Ысмайлов, Нұранар Ғаниқызы, сондай-ақ Нұрай Ерахметке сый-сияпат жасалып, игі тілектер айтылды. Жас оқырмандарды тұрғындармен қоса, осы ауылдың түлегі, бүгінде шекара асып, Қытай елінің Чунцын қаласында білім алып жатқан студент Нұрасыл Маратұлы да әлеуметтік желі арқылы өзінің қытайлық достарымен бірге туған күн иелерін құттықтады. Айтпақшы, атаулы шарада Қызылтам ауылдық кітапханасы – модельдік кітапхана болып танылды. Кітапханаға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Бибігүлсін Раева арнайы сертификат табыс етті.

17 қаңтар 2019 ж. 2 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 399
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 247

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728