» » Еңбектің еленгені деген осы

Еңбектің еленгені деген осы

qarmaqshy-tany.kz Жуырда аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев аптапты ыстықта, қытымыр аязда өңіріміздің тазалығын мойнына артып, қоғамдық негізде жұмыспен қамтылған бірқатар азаматтарды қабылдап, оларға құрмет көрсетті. Тіпті олардың кейбіріне еліміздегі шипажайларға демалып қайтуға жолдама тапсырды. Әрине, олардың қатарында біздің де жерлестеріміздің болғаны көңілімізді марқайтты.

Әдетте, мұндай мамандық иелерінің еңбегі еленбей жататыны өтірік емес. Осындай еңбек адамдарының ерен еңбегінің арқасында бүгінде өңірімізде көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жоғары деңгейде атқарылып жүр. Міне, осындай еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген белсенділерге деген құрметтің тың бастамасын жасаған аймақ басшысының өнегелі ісіне қалың жұртшылық ризашылығын білдірді.
Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тосын сыйына ие болғандардың бірі – Жосалы кентінің тұрғыны Гүлназ Жәмиева. Ол кент әкімшілігі жанынан құрылған қоғамдық жұмыста 1998 жылдан бері еңбек етіп келеді. Кенттің тазалығын, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізеді. 5 баланың анасы.
«Мен қоғамдық жұмыста біраз жылдан бері еңбек етемін. Менің міндетім кент орталығындағы көшелердің тазалығын қамтамасыз ету. Яғни, кент әкімшілігі белгілеп берген аумақтың тазалығын бақылаймын. Басшылық тарапынан еңбегіміз де еленіп тұрады. Кент әкімі Шыңғыс Сыдықов әрдайым жұмыс орнымызға келіп, жағдайымызды сұрайды. Қамқорлық көрсетіп тұрады. Атап айтқанда, 8 Наурыз халықаралық әйелдер мен ұлттық әз Наурыз, Тәуелсіздік мерекелері, Жаңа жыл мейрамында құрмет көрсетеді» дейді көпбалалы ана Гүлназ Жәмиева.
Сөз кезегінде қоғамдық жұмыспен қамтылған кентіміздің екінші бір тұрғыны Бақыткүл Орынбаева: «Менің де осы жұмыста жүргеніме 3 жыл болды. Гүлназ сияқты мен де өзіме бөлінген көше тазалығын бақылаймын. Аллаға шүкір, жаздың аптапты, қыстың қытымыр суық күндерінде еткен еңбегімізді жергілікті билік бағалап, марапаттап келеді. Облыс, аудан әкімдіктерінен мадақтамалар алдым. Отбасымда өмірлік жолдасым Абылаймен ұрпақ өрбітіп, олардың қоғамнан өз орнын табуына еңбек сіңіріп жатқан жайымыз бар. Шынын айтқанда бұл жолдама күтпеген жайт болды» дейді ол.
Құрметке бөленген жерлестеріміз өздерінің еңбегін елеп, қолдау көрсеткен облыс әкіміне ыстық ықыластарын айтып, аналық ризашылықтарын жеткізуде. Енді олар алдағы күндері жоғарыда аталған емдік шипажайларына барып демалып қайтады.
«Қт» ақпарат

20 желтоқсан 2022 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031