» » Облыс әкімі Қармақшы ауданының халқымен кездесті

Облыс әкімі Қармақшы ауданының халқымен кездесті


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент Жарлығы аясында Қармақшы ауданының халқымен кездесті.
Аймақ басшысы облыстың экономикалық жағдайынан бөлек, өндіріс, кәсіпкерлік саласына кеңінен тоқталды.

- Өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамытуға биыл барлық көздерден 19,9 млрд. теңге қаражат бағытталуда. Жыл басынан бері аудан бойынша 11 жобаға 280,8 млн.теңгеге несие берілді. Біз бизнес қарқынын әлі де үдетуіміз қажет. Аудан әкімдігі өз бизнесін бастаймын, кәсібін кеңейтемін деген ынталы азаматтармен тығыз жұмыс жасап, оларға шынайы қолдау көрсетуі тиіс.
Елді мекендерді аралап, халықпен кездескен сайын тұрғындардан инфрақұрылым тарту мәселесіне қатысты өзекті сауалдары жиі түседі. Биыл Қармақшы, Көмекбаев және Алдашбай ахун елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта жаңғыртамыз.
Өздеріңіз білесіздер, жақында Төретам мен Ақай елді мекендерінің тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдадым. Аталған елді мекендердегі ең өзекті мәселелердің бірі табиғи газға қосылу. Осыған орай, биыл екі ауылға да газ тарту жұмыстарын бастаймыз.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халық табысын арттыру да маңызды. Бұл бағытта өңірде 30 мыңнан астам, оның ішінде Қармақшыда 2533 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Осы жылдың 5 айында ауданда 855 жаңа жұмыс орны құрылса, оның 242-і тұрақты, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Биыл Қармақшы ауданындағы жақсы, қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар үлесін 80 пайызға жеткізу межесі тұр. Осы ретте, Ақжар мен Көмекбаев елді мекендері арасындағы автомобиль жолын күрделі жөндеу және Жосалы кентінің 12 көшесін орташа жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ.

Аймақ басшысы білім саласына арнайы тоқталды. Ауданда Ақжар елді мекеніндегі, Төретам және Жосалы кенттеріндегі мектептер күрделі жөндеуден өтсе, Жосалы кентіндегі №30 мектептің бу қазандығы сұйық отыннан газға ауыстырылады.

Халықпен кездесу соңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Мұнан соң, кезектілік тәртібімен азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, аудан әкімі мен жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

©️Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
25 маусым 2022 ж. 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031