» » Еңбекке деген құрмет қашанда биік болады

Еңбекке деген құрмет қашанда биік болады

qarmaqshy-tany.kz Қазақ халқында «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» деген нақыл сөз бар.
Әсіресе, мемлекет тарапынан қарапайым еңбек адамының мәртебесін көтермелеп, еңбегіне қарай түрлі әлеуметтік жеңілдіктер қарастырудың үлкен идеологиялық мәні бар.
Осы идеологияны облыс әкімі Н.Нәлібаев аймаққа басшылық жасаған уақыттан бастап жандандырып, әлеуметтік маңыздылығына өте зор мән беріп келеді.
2022 жылдың 1 желтоқсаны күні облыс әкімі Н.Нәлібаев әр ауданның қарапайым еңбек адамдарын құрметтеп шақырып, Жаңақорған, Сарығаш шипажайларына ем алып, демалып келулеріне жағдай жасап, өз қолымен тегін жолдама табыстады.
Бұл шараға Жосалы кентінен көше тазалаушы жұмысшылар Жалиева Гүлнар мен Уринбаева Бақыт қатысып, облыс әкімінің қолынан жолдама алып, елге ерекше көңіл-күймен оралды.
Олар қоғамдағы орынын сезініп, еңбектерінің еленіп, мемлекеттен қолдау көргендеріне шынайы алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Аймақ басшысының бұл марапатын бүкіл ауданның көше тазалаушы жұмысшыларының еңбегіне жасалған құрметі деп білеміз. Еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер.
Бұл – еңбекке деген құрмет! Бұл-анаға деген құрмет!
05 желтоқсан 2022 ж. 485 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 596
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031