» » Нұрлыбек Нәлібаев еңбектен береке тапқан үлгілі отбасылармен кездесті

Нұрлыбек Нәлібаев еңбектен береке тапқан үлгілі отбасылармен кездесті

Сыр өңірінде отбасы құндылығын берік ұстап, мәуелі бәйтеректей тамырын кеңге жайған өнегелі әулеттер жетерлік.
Тағылымға толы тәрбиені бойға сіңіріп, Отанға қызмет етер ұрпақ тәрбиелеген жанұялар кез келген құрметке лайық. «Отбасы күні» аясында бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Алтын той» иелерімен кездесіп, ілтипат білдірді. Құрмет төріне шақырылғандар қатарында еңбектің арқасында абырой биігіне көтерілген қарапайым жұмысшы, құрылысшы, дихан, сауыншы, механизатор әулеттері бар. Олар 10-нан аса бала тәрбиелеп, немере, шөбере сүйген киелі шаңырақ иелері.
Мерекелік іс-шараға облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Қожбанов пен сала басшылары қатысты.
Аймақ басшысы қазақ халқы үшін отбасы ұғымы қашаннан қасиетті де киелі екені атап өтіп, саналы ұрпақ тәрбиелеуде үлгілі отбасы мен парасатты ата-ананың рөлі ерекше екенін жеткізді.
Құрмет төріне шақырылғандар қатарында Қармақшылық "Ешжановтар" отбасыда бар.
Іс-шара соңында «Алтын той» иелеріне жергілікті өнерпаздар жырдан шашу шашып, әулеттің аналарына сый-құрмет көрсетілді.
16 қыркүйек 2022 ж. 826 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031