Құрылтай
» » Ұланымыз Ұлы елдің!

Ұланымыз Ұлы елдің!

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы №121 орта мектебінде тәлімгер Нағыметова Айнұрдың ұйымдастыруымен "Балалар жылы" аясында, сондай-ақ ҚР Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында мектебімізде "Жас Ұлан" Бірыңғай жасөспірімдер мен балалар ұйымына салтанатты қабылдау жиыны өтті.

Салтанатты жиынға 4 кластар бойынша 80 оқушы "Жас Ұлан" ұйымының қатарына салтанатты түрде кіре отырып, Ант қабылдады.

Туымыз түстес галстуктарды тағуға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және жиынға қатысушы қонақтар, Ұланбасы Тұрсынбек Шахназ, "Жас Ұлан" ұйымының белсенді мүшелері атсалысты.

«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.

"Жас Ұландықтар" болашақта еліміздің абыройын асқақтатар еліне елеулі азаматтары болуына тілектеспіз!

18 желтоқсан 2022 ж. 722 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (10530)

17 тамыз 2026 ж.

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 672
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 122

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31