» » Келер жылы төлем мөлшері артады

Келер жылы төлем мөлшері артады

qarmaqshy-tany.kz Қазақстан Республикасының «2023-2025 жылдарға арналған Республикалық Бюджет» туралы Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3450 теңге, ең төменгі зейнетақы 53076 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24341 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 40567 теңге мөлшерінде белгіленді. 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 10,5%-ға көбейтіледі.
Жаңадан тағайындалатын жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2022 жылға 46 АЕК болса, 2023 жылы өзгеріс 55 еселенген АЕК-тен (55*3450=189750) теңгеден аспауы тиіс.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының ұлғаюына байланысты көбейтіледі, оның мөлшері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, күнкөріс деңгейінің жаңа мөлшеріне пайыздық арақатынаста белгіленеді.
2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы 61 жасты құрайды.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады, ал No1, No2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топ – 77889 теңге, II топ – 62068 теңге, III топ – 42190 теңге. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып 7 жастан бастап топтарға бөлінеді, яғни 7 жасқа дейін – 56794 теңге, I топ – 77889 теңге, II топ – 64502 теңге, III топ – 48817 теңге болып белгіленді. Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге I топ – 113994 теңге, II топ – 97361 теңге, III топ – 81540 теңге. Мүгедек баланың күтіміне – 56794 теңге төленеді.
Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 34888 теңге, екі балаға – 60445 теңге, үш балаға – 75049 теңге, төрт балаға – 79512 теңге, бес балаға – 82352 теңге, алты және одан жоғары балаға – 85597 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 47870 теңге, екі балаға – 95739 теңге, үш балаға – 143608 теңге, төрт балаға – 191477 теңге.
Бала туғанда берілетін бір жолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін 131100 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 217350 теңге. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 19872 теңге, екінші балаға 23495 теңге, үшінші балаға – 27083 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға – 30705 теңге.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді. 4 баласы бар отбасыларға – 55304 теңге, 5 баласы бар отбасыларға – 69138 теңге, 6 баласы бар отбасыларға – 82973 теңге, 7 баласы бар отбасыларға – 96807 теңге, 8 баласы бар отбасыларға – 110400 теңге, 9 баласы бар отбасыларға – 124200 теңге.
Көпбалалы аналарға (Алтын, Күміс алқа, Батыр ана, 1,2 дәрежелі Ана даңқы орден иегерлеріне) – 22080 теңге төленеді.
Қазіргі уақытта Қармақшы аудандық бөлімінде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақыларды қайта қарау жұмыстары жүргізілді, осы көбейтілген әлеуметтік төлемдер Қазпошта және екінші деңгейлі банктер арқылы кестеге сәйкес төленеді.
З.ШАЙМЕРДЕНОВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы»
КеАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының Әлеуметтік
қамсыздандыру бойынша аудандық бөлімнің басшысы
11 желтоқсан 2022 ж. 513 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 045

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031