» » Зейнетақы мен жәрдемақыларға енгізілген өзгерістер

Зейнетақы мен жәрдемақыларға енгізілген өзгерістер

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3180 теңге, ең төменгі зейнетақы – 48032 теңге, базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 20191 теңге, ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) 37389 теңге мөлшерінде белгіленді.
     Осы өзгерістерге сәйкес 2022 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 4%-ға алынған мөлшерінен артады. Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап 46 еселенген АЕК-тен (146280 теңге) аспауы керек.
     Жоғарыда аталған Заңға сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінің ұлғаюына байланысты арттырылады, ал №1, №2 тізім бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақының бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала бір жасқа толық толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақысы және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты арттырылады.
      Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы: I топ – 71787 теңге, II топ – 57206 теңге, III топ – 38885 теңге. Бұрын бала мүгедектігін 16 жасқа дейін белгілеп, 16 жаста науқастығына сәйкес топтарға ауыстырса, енді 7 жасқа дейін бала мүгедегі болып, 7 жастан бастап топтарға бөлінеді, яғни 7 жасқа дейін – 52345 теңге.
I топ – 71787 теңге,
II топ – 59449 теңге,
III топ – 52345 теңге болып белгіленді.
       Әскери қызмет атқару кезінде болған мүгедектерге
I топ – 105064 теңге,
II топ – 89734 теңге,
III топ – 75152 теңге.
Мүгедек баланың күтіміне 52345 теңге төленеді.
     Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы: бір балаға – 32155 теңге, екі балаға – 55710 теңге, үш балаға – 69170 теңге, төрт балаға – 73283 теңге, бес балаға – 75900 теңге, алты және одан жоғары балаға – 78891 теңге. Тұлдыр жетім бір балаға – 44120 теңге, екі балаға – 88239 теңге, үш балаға – 132358 теңге, төрт балаға – 176477 теңге.
     Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы: төрт балаға дейін – 120840 теңге, төрт және одан да жоғары бала туғанда – 200340 теңге. Бір жасқа дейін бала күтіміне бірінші балаға – 18317 теңге, екінші балаға – 21656 теңге, үшінші балаға – 24963 теңге, төртінші және одан да жоғары балаға –28302 теңге.
     Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын балалары бар, барлық көп балалы отбасыларға табысына қарамастан жәрдемақы төленеді.
4 баласы бар отбасыларға – 50976 теңге,
5 баласы бар отбасыларға – 63728 теңге,
6 баласы бар отбасыларға – 76479 теңге,
7 баласы бар отбасыларға – 89231 теңге,
8 баласы бар отбасыларға – 101760 теңге,
9 баласы бар отбасыларға – 114480 теңге.

     Айта кететін жайт, көп балалы аналарға («Алтын», «Күміс» алқа, Батыр ана, І, ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орден иегерлеріне) – 20352 теңге төленеді.
     Қайта есептеу жұмысы толығымен жасалып, қайта есептелінген зейнетақы, жәрдемақы сомалары  маусым айында (сәуір, мамыр айларының айырмасымен қоса) төленеді.

А.МЫРЗАҚҰЛОВ,
 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Әлеуметтік
қамсыздандыру жөніндегі Қармақшы аудандық бөлімінің басшысы
04 мамыр 2022 ж. 720 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 051

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031