» » 2022 жылы ең төменгі зейнетақы қанша болады

2022 жылы ең төменгі зейнетақы қанша болады

«Ашық НҚА» порталында «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңның жобасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатта 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңге болатыны айтылған. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 19 450 теңге болады деп көрсетілген.
Заң жобасы бойынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақының ең төменгі мөлшері – 46 302 теңге болмақ. 6 қазанға дейін қоғам талқысына ұсынылып отырған құжат жобасында өзге де әлеуметтік төлемдердің мөлшері нақтыланған: – айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерге қолданылатын айлық есептік көрсеткіш – 3 063 теңге; – базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептейтін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36 018 теңге.
Жобаның түсіндірме жазбасында бұл құжаттың жобасын қабылдау арқылы ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін арттыру көзделгені айтылған.
23 қыркүйек 2021 ж. 943 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 256
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 797

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930