» » Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы көтерілді

Елімізде 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Зейнетақы
Жасы бойынша және еңбек стажына байланысты зейнетақы төлемдерін алатыназаматтар үшін 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 7 пайызға өсті.
2021 жылдан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 18524 теңгені құрамақ. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 4,6 мың теңгеге өскен. Қазір ең  төменгі зейнетақы 43 272 теңгені құрайды. Осы жылы зейнетақы мөлшері 2 917 теңгеге өскен. Жалақының ең төменгі мөлшері, яғни 42 500 теңге өзгеріссіз қалды.
Зейнетақысы ең төмен тұрғындар Түркістан облысында тұрады. Бұл аймақтағы қарт адамдар айына 40 мың теңгеден сәл жоғары қаражат алады.
Әйелдер үшін зейнетке шығу жасы 60 жасқа дейін көтеріледі. Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы зейнетке шығу жасы 59 жас болып бекітілген. Ер адамдар үшін зейнетке шығу жасы өзгермей, 63 жас болып қалды.
Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы қаулысымен Республика үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Осы орайда мүгедектікке байланысты төлемдер келесідей өзгерді:
  • І топтағы мүгедектер 1,92 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 62 723 теңге алса, 1 қаңтардан бастап 65 860 теңге алып жатыр.
  • Ересек жастағы II мүгедек тобындағы адам 1,53 PM алуы керек. 
  • III топтағы ересек мүгедек адамға 1,04 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы беріліп жатыр. Оның мөлшері 35 675 теңгені құрайды, яғни, 1 700 теңгеге артты.
Жәрдемақы 
2021 жылдан бастап бірінші немесе үшінші баланың туылуына берілетін бір реттік жәрдемақы 105,5 мыңнан 110,8 мың теңгеге дейін, төртінші және одан көп балаға - 175-тен 183,7 мың теңгеге дейін өсті.
Көп балалы аналарға ай сайынғы жәрдемақы да өскен:
- Төрт балаға - 44,5-тен 46,7 мың теңгеге дейін;
- Бес балаға - 55,6-дан 58,4 мың теңгеге дейін;
- Алты балаға - 66,8-ден 70,1 мың теңгеге дейін;
- Жеті балаға - 77,9-дан 81,8 мың теңгеге дейін;
- Сегіз балаға - 88,8-ден 93,3 мың теңгеге дейін;
- Тоғыз балаға - 100-ден 105 мың теңгеге дейін;
- Он және одан көп балаларға - 111,1-ден 116,6 мың теңгеге дейін.
Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) төлемі өзгеріссіз қалды - тағайындау үшін шекті табыс күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін есепке алынады. Бірақ бір шартпен отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алу шарттарын жеңілдетуді қолға алды
1 қаңтардан бастап әскери қызметкерлерге және арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік қызметтердің тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге берілетін ай сайынғы қаражат - 3 739 теңгені құрайды. 
 
01 қаңтар 2021 ж. 781 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 227

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930