» » Бала қуанышы – үлкен бақыт

Бала қуанышы – үлкен бақыт

qarmaqshy-tany.kz Қайырымдылық – көршісі ашқұрсақ отырып, өз түндігінен қазан көтермейтін қазақ халқының болмысына біткен қасиет. Халқымыз мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдылық жасауды, қиналғанға қайыр беріп, мүгедектерді қолдап-қорғауды әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.
Өкінішке орай, мейірімділік пен қайырымдылық сынды қасиеттер барлық адамға тән емес. Мейірімді, бауырмал, көмекке дайын тұратын абзал адамдар – кез келген қоғамның негізгі тірегі. Ал сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы. Жуырда Дүниежүзілік мүгедектер күніне орай, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде мейірімге толы іс-шара ұйымдастырылды. Оған қырыққа жуық бала мен ата-ана қатысты. Игі іс-шараға үнемі аудандағы қайырымдылық істердің басы-қасында ұйытқы болып жүретін «Адина» дүкенінің иесі Нағима Тоқсанбаева, «Дәметкен ана» балаларды оңалту орталығының құрылтайшысы Дина Исмайлова, «Нұр пати» той орталығының аниматорлары, «Демеу» еріктілер тобы демеушілік жасады. Бірі – балаларға қажетті киім-кешекті сыйға тартса, енді бірі – ерекше балаларға керемет көңіл-күй сыйлады.
«Жанашырлыққа – жан риза» дегендей, өздеріне бөлінген көңіл мен демеуге ата-аналар алғыстарын жаудырды. Бала көзінен қуаныш отын көру – әрбір ата-ана үшін үлкен бақыт. Осындай бақытқа себепші болған демеушілер сауабы мол іске атсалысты. Адамдар бір-біріне осындай қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қолұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Жақсылық жасау – имандылықтың, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
10 желтоқсан 2022 ж. 1 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930