» » Қонақжайлық танытқан әріптестер

Қонақжайлық танытқан әріптестер

qarmaqshy-tany.kz Қазақ халқы қашаннан қонақжай, көңілі жайма-шуақ, дарқан, кең пейілді емес пе?! Құдайы қонақ келіп су сұраса, төріне шығарып ас ұсынған қайран қазағым!
«Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!», – деп жырлаған мұзбалақ ақын Мұқаңның өлеңі осы қонақ- жайлылықты меңзегендей. Төретам кентінде No85 мектеп бар. Онда 600-ге жуық бала білім алуда. 40 жылдан астам тарихы бар алтын ұя түлектері қазіргі таңда жақсы білімдерінің арқасында бірі – ұстаздық қызметте, бірі – кәсіпкерлік, ал енді бірі – басшылық қызметтер атқаруда. Әрине, бұл мақтанарлық көрсеткіш.
Осы жылы оқу ғимаратымызға күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, кенттегі көрші No269 мектепте екінші ауысыммен оқуға тура келді. Алғашында тосырқай, жатырқай қараумен мектеп табалдырығын аттадық. Бүкіл ұжым болып, барлық білім алушылар 1 қыркүйек – «Білім күнін» осы аталған мектепте қарсы алумен жаңа оқу жылын бастадық. Қош делік, бұл ұжым біздерге жылы ұшырай қарап, құшақтарын жая қарсы алды. Мектеп басшысы Фарида апай бастаған ұжым біздерге еш қабақ шытпай, өздерінің сынып бөлмелерімен қоса құралдарымен бөлісті. Қазағымыздың, ата-бабаларымыздың ең жақсы қасиетінің жоғалмағанына, қазіргі заманғы оның ішінде әріптестеріміздің бойынан осындай қасиетті көре алғанымыздың өзі өте қуанарлық жағдай деп білемін. Бұл ұжыммен бірлесе жұмыс жасау барысында біздің ұжым да құр алақан қалмады, керісінше қоржындарымыз олжаға толы болды. Аудандық, облыстық жарыстарда жетістіктерге жете білдік. Келешек ұрпақтарымыздың бойына ұлттық құндылығымызды дарыта, білім нәрімен сусындата берейікші.
Қорыта айтар болсам, өз ұжымым Шаттық Шыңғысова бастаған көшіміз ілгері, мектебіміз абыройлы, болашағынан көп үміт күттірер білім алушыларымыз бар. Бір шаңырақ астында, еш қиындыққа мұқалмай, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегенді алдымызға мақсат ете отырып, осы үш айды артқа тастап, өзіміздің жаңа мектепте білім берудеміз. Қуанышымызда шек жоқ. Ұстаздарымыз, білім алушыларымыз, одан қала берді ата-аналарымыз да өз қуаныштарын білдіріп, бата-тілектерін беріп жатты. Қонақжайлылық танытқан әріптестерімізге алғысымыз шексіз!
Назира ЖАҚЫПОВА,
No85 мектептің мұғалімі
06 желтоқсан 2022 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031