Білім күні: Қызылордада 3 жаңа мектеп ашылды
Kyzylorda-news.kz. Бүгін еліміздің мектептері мен оқу орындарында жаңа оқу жылы басталды. Дәстүрге сай 1 қыркүйек елімізде алғашқы қоңырау салтанатты шарасы ретінде аталып өтіледі.
Жаңа оқу жылында Қызылорда облысы бойынша 18 мыңға жуық бала бірінші сыныптың табалдырығын аттады. Осы ретте қазақ тілінде оқытатын мектептерде бірінші сынып оқушылары қазақ тілінде, орыс тілінде оқытатын мектептерде – қазақ және орыс тілдерінде оқытылатын болады. Қазақ мектептерінде орыс тілі пәні 2 сыныптан бастап оқытылатын болса, ағылшын тілі 3 сыныптан бастап оқу жоспарына енгізілмек. Сонымен қатар, қаладағы үш ауысымда оқытатын 6 мектептен басқа барлық білім беру ұйымдары 5 күндік оқу аптасына ауыстырылды.
Сонымен қатар биыл өңірдегі 30 колледжде 20 мыңға жуық студент білім алады деп күтілуде. Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін өтініштерді қабылдау аяқталды. Нәтижесінде, оқуға түсу үшін 6198 өтініш түссе, оның 4989-ы мемлекеттік білім грантына болса, 1209-ы ақылы негізде білім алуға құжат тапсырған.
Айта кетейік, Қызылорда облысында жаңа оқу жылының қарсаңында 3 жаңа мектеп ашылады. Ал жыл соңына дейін 5 мемлекеттік және 1 жеке мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.