«Акция аясында кездесу»
qarmaqshy-tany.kz «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді әлдилейді» деп тегін айтпаса керек. Елімізде әйел, отбасы мәселесі мемлекеттік саясаттың басты бір бөлігі болып табылады. Әйелдер құқығының қорғалуы жөніндегі нормалар мұнымен шектеліп қоймай, бірқатар құқықтық актілер қазірде заңды күшіне енген. Елімізде әйелдер құқығының қорғалуына 1995 жылдан бастап назар аударыла басталды.
Біздің ұғымымызда «Ер адам – шаңырақ иесі, әйел – ошақ иесі» деген түсінік бар. Бұрын отбасында тек ерлер ғана табыс табатын болса, бала-шаға асырау жауапкершілігі енді әйел-аналардың да иығына түсті. Нарықтың әйелдерге әкелген тауқыметі орасан. Жұмыссыздық деген килікті. Болашақ дегенде бала еске түседі. Ал сол баланы өмірге әкеліп, үлкен азамат ететін – ана. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық аймағында таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 25 қараша – 10 желтоқсан аралығындағы өтіп жатқан «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акция аясында Қармақшы ауданы Төребай би елді-мекеніндегі №199 мектебінің 5-11 сынып оқушылары және ата-аналарымен отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, және жалпы отбасындағы құндылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге: аудандық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің Әйелдерді қорғау тобының инспекторы полиция капитаны А.Касимова, Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Г.Исмайлова және «Жастар денсаулық орталығының» психологі А.Кетебаева қатысты. Іс-шара барысында мамандар өз салалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,ойларын ортаға салып, соңында мектеп оқушыларымен кері байланыс жүргізіліп, оқушылар осы кеңестері үшін ризашылығын айтып алғыстарын білдірді.
Қармақшы АПб-мі ЖПҚб-нің ӘЗЗҚт-ы