«Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша ашық сабақ
qarmaqshy-tany.kz Апталық аясында 25 қараша күні №10130300 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Ас-22/11 оқу тобында "Құс етінен жасалған тағамдарды әзірлеу технологиясы" тақырыбында арнаулы пән оқытушысы Н.Төреахметованың ашық сабағы өтті.
Сабақтың мақсаты: Құс еттерін біле отыра, теориялық білімдерін ұштастыру, мамандықтары бойынша танымдық қабілеттерін дамытуды игеру, құс етінің өңдеу түрлерін меңгеру.
Сабақ барысында студенттер 5Т ережесін еске түсіріп, бір - біріне жылы лебіздерін білдірді. Сервис арқылы шеңберден студенттердің есімдері шығады, шеңберден есімі шыққан студент үй тапсырмасын айтады.
Жоспар бойынша құс етінің морфологиялық және химиялық құрамына, оны алғашқы өңдеугі, технологиялық өңдеу әдістеріне тоқталды. Сою алдында жүретін процестер, еттің тағамдық құндылығы, бөлшектерге бөлу жұмыстарын слайд арқылы толық түсіндірді. Құс еттерінен қандай шалафабрикаттар алуға болатындығына тоқтала отырып, шалафабрикат түрлерімен таныстырды. Құс етін өңдеу мен салқындату жолдары туралы видеоролик көрсетілді.
Жаңа сабақты қалай игергендігі жөнінде білу мақсатында сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген студенттерді ынталандыру мақсатында тәтті конфеттер ұсынылды. "SWOT талдау" әдісі арқылы сабақтың жақсы жақтарын, әлсіз тұстарын, нені үйренді, нені білгісі келеді студенттер стикерлерге жазды.
Сабақ барысында белсенді болған, тәтті конфеттері көп студенттер жоғары бағаланды.
Өндірістік оқыту шебері Н.Төреахметова студенттерге тақырыпты толық ашып, сабақ мақсатына үлкен шеберлікпен жетті.