Кәсіпкерлік негіздері пәнінен ашық сабақ өтті
«Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі» білім беру мекемесінде “Кәсіпкерлік негіздері” пәні оқытушысы
Жазира Байтерекова ашық сабақ өткізді.
Сабаққа “Сандық техника” мамандығының 1 курс білімгерлері қатысты.
Тақырыбы: Банк түрлері және қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: сабақ тақырыбын аша отырып, оқушыларға экономикадағы банк түрлерімен, ақшаның мәні мен атқаратын қызметтерін таныстыру. Білімгерлердің білім-білік дағдыларын қалыптастыруда білімгердің рухани даму деңгейі жоғары тұлға ретінде жетілуіне жағдай туғызу.
Дамытушылық: білімгерлерге банк түрлерін таныстырып және олардың қызметі, міндетін үйрете отырып, олардың ақыл-ойын, рухани дүниетанымын дамыту. Топтық жұмыс барысында бірін бірі сыйлауды, өзгенің пікірімен санасуға үйрету.
Тәрбиелік: Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы және дарынды оқушыларды анықтау, өз ойларын толық, нақты жеткізуге үйрету.
Білімгерлер ашық сабақ барысында топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындап, банк түрлері және қызметі туралы көптеген мағлұматтар алды.