» » Ел сенімі бәрінен биік

Ел сенімі бәрінен биік

Осыдан бірер уақыт бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы алдында ант қабылдады. Осы рәсімде Мемлекет басшысы еліміздің алдағы стратегиялық басым бағыттарын атап өтті. Оның ішінде қол қоятын жарлықтарының бірі ауылдық жердің ахуалын көтеруге, әлеуетін арттыруға арналатынын айтты. Бұл қазақстандықтардың, әсіресе ауылда тұратын жұртшылықтың қуаныш сезімін тудырды. Себебі бұл сауалдар ауыл тұрғындарының көптен бері көкейінде жүрген мәселесі болатын. Ауыл гүлденсе, аймақ гүлденеді. Ауылдың тұрмыс-тіршілігіне мән беріп, шаруашылығын көтеруден мемлекетіміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайы жақсара түсетіні аян. Осындай түйткілді мәселені көтерген Президент сыртқа кеткен капиталды да кері қайтаруға ауқымды жұмыстар істелетінін баяндады. Сондай-ақ ол Әділетті Қазақстан құру жолында қоғамның ынтасын арттырып, барынша күш салатынын да назарға салды.
Президенттің Әділетті Қазақстан құрудағы ортақ мақсат пен мүдде жолында барша халқымыз болып атсалысатынымызға сенемін!
Мемлекет басшысының "Шын мәнінде, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекетіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту - қазақтың перзенті, Қазақстанның Президенті ретіндегі менің қасиетті парызым" деген сөзі де менің аналық жүрегімді қозғап өтті.
Алда атқарылатын  көп шаруа бар. Сол күрделі де сындарды сәтте Президентімізге ақ жол тілеймін!
Бибігүл Әбішева,
Қармақшы ауданының Құрметті азаматы
26 қараша 2022 ж. 569 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

10 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 412
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 257

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728