Халық мүдессі бәрінен жоғары
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ КЕЗЕКТІ «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» АТТЫ ЖОЛДАУЫ ТЫҢ БАСТАМАЛАРҒА, МАҢЫЗДЫ МӘЛІМДЕМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН. КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕГІ ҚОҒАМНЫҢ ҚЫЗУ ТАЛҚЫСЫНА ТҮСКЕН ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОЛҚЫ ТҰСТАРДЫ ДӨП БАСҚАН ЖОЛДАУ БОЛДЫ.

Өз кезегінде бұл халық сенім артатын өз ісіне мығым, өмір ағымына ілесетін кадрдың еңбегін кезінде көре де, бағалай да білу керектігін көрсетеді. Сонымен қатар әсіресе, Президенттің сөзіндегі кәсібилік пен еңбеккор адамның бейнесі туралы тұжырым өте ерекше әсерлі. Қоғамда жастардың еңбекке деген құлшынысын оята білудің аса қажет екендігінің көрінісі деп білемін. Сондай-ақ, ел мүддесін жоғары қоя отырып, ауқымды істердің орындалуы мен күрделі мәселелердің шешімін табуда бағдар беретін құндылыққа ие болатындай Жолдау екені даусыз.
Гүлжауһар РАЕВА,
партия ардагері, аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы