» » Халық мүддесі бәрінен жоғары

Халық мүддесі бәрінен жоғары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы тың бастамаларға, маңызды мәлімдемеге негізделген. Көптің көкейіндегі қоғамның қызу талқысына түскен әлеуметтік мәселелер мен экономикадағы олқы тұстарды дөп басқан Жолдау болды.
Сонымен қатар Президент: «Биылғы күзде Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан- жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай ақ көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатының ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тиым салынады.» - деді Соның бірі Парламент пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларын мерзімінен бұрын өткізу туралы ұсынысы қисынды деп ойлаймын. Өйткені Парламентке Президент Тоқаевтың бағытын қолдайтын жаңа тұлғалардың келуі өте маңызды және қажетті іс.
Өз кезегінде бұл халық сенім артатын өз ісіне мығым, өмір ағымына ілесетін кадрдың еңбегін кезінде көре де, бағалайда білу керектігін көрсетеді. Сонымен қатар әсіресе, Президенттің сөзіндегі кәсібилік пен еңбеккор адамның бейнесі туралы тұжырым өте ерекше әсерлі. Қоғамда жастардың еңбекке деген құлшынысын оята білудің аса қажет екендігінің көрінісі деп білемін. Сондай-ақ, ел мүддесін жоғары қоя отырып, ауқымды істердің орындалуы мен күрделі мәселелердің шешімін табуда бағдар беретін құндылыққа ие болатындай Жолдау екені даусыз.
Гүлжауһар Раева
05 қыркүйек 2022 ж. 508 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031