» » Қармақшыда жастар форумы өтті

Қармақшыда жастар форумы өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаевтың қатысуымен аудандық жастар форумы өтті.
Форумда сөз алған аудан әкімінің орынбасары мемлекеттің тұрақты дамуының негізі, қозғаушы күші – бәсекеге қабілетті жастар. Елдің ертеңгі егесі, ұлттың болашағы, мемлекеттің арқа сүйер тірегі жастарды қолдау-ел ертеңі мен ұлт тағдырына қатысты басым бағыттардың бірі екендігін айтып, жастарды мемлекеттік бағдарламалар бойынша жастар тәжірибесі мен қоғамдық және маусымдық жұмыстарға тарту, шағын гранттарға, кәсіпкерлік бағыты бойынша қайтарымсыз гранттарға қатыстыру тұрғысынан ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтіп, қашанда ел сенімін ақтап, тәуелсіздігіміз бен болашағымызды баянды ету жолындағы жастар бастамасына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар ауданымыздағы жастар саясатының жүзеге асуына аянбай тер-төгіп, бар күш-жігерімен еңбек етіп жүрген жастарды облыс әкімінің орынбасары және қоғамдық даму басқармасы мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттап, жастар арасында әр сала бойынша қызмет жасаған жыл үздіктеріне, арнайы номинациялар табыстады.
Сондай-ақ іс-шара барысында мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, өз кәсіптерін кеңейтіп отырған бірқатар жас кәсіпкерлер тауарларының көрмесі ұйымдастырылып, көрермен назарына ұсынылды.
24 қараша 2022 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031