» » Белсенді жастар – марапат төрінде

Белсенді жастар – марапат төрінде

МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ЖАСТАР БУЫНЫ, АЛ БҰЛ ТІКЕЛЕЙ ЖАС ҚАЗАҚСТАНДЫҚ­ТАРДЫҢ БІЛІМ МЕН БІЛІК САПАСЫНА, ОЛАРДЫҢ ҰМТЫЛЫСЫ МЕН ЫНТАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ. СОНДЫҚТАН ДА МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫНЫҢ БІРІ – ЖАСТАР СЕКТОРЫ. ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДА ЖАСТАРҒА ЕРТЕДЕН-АҚ ЕРЕКШЕ СЕНІММЕН ҚАРАҒАН. БҮГІНГІ ЖАСТЫҢ ЕРТЕҢГІ ЕЛ АҒАСЫ БОЛАТЫНЫН ЕСТЕН ШЫҒАРМАҒАН АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕСІНЕ АЙРЫҚША КӨҢІЛ БӨЛГЕН.
Осы орайда аудандық Жас­тар ресурстық орталығы жылды қо­рытындылау мақсатында «Қар­мақ­шы жалынды жастар мекені» атты жастар форумын өткізді. Оған аудан әкімі Қайрат Нұртай, аудандық мәслихат хатшысы Әділ Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, ау­данның бас имамы Жақсыбек Әбиев пен әр салада белсенділік танытып жүрген аудан жастары қатысты.
Пленарлық отырыс қазақ биі­мен басталып, Жастар ресурс­тық орталығының атқарған жұмыс­т­а­рынан дайындалған бейнероликпен жалғасты. Мұнан соң, форумда сөз алған аудан басшысы жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жастарды қоғам және мемлекет ісіне белсенді атсалысуға шақырды.
Салтанатты іс-шарада түрлі салада жетістікке жетіп жүрген 10 белсенді жасқа «Жыл үздігі» номинациясы табысталды. Гүлжайна Бейбітова «Ден­саулық сақшысы» атанса, «Жас спорт­шы» номинациясы Ерасыл Сәулебековке, «Ерікті жас» номинация­сы Рахат Бақытжанға, «Жас кәсіпкер» номинациясы Жомарт Рахымжановқа, «Жас маман» номинациясы Дастан Алмановқа, «Жастар жанашыры» номинациясы Мадияр Махамбетұлына, «Жас жалын» номинациясы Бексұлтан Жеңісбековке, «Жас ұстаз» номинациясы Ақерке Төлеуоваға, «Жас қаламгер» номинациясы әріптесіміз Айнұр Әлиге, «Жас дарын» номинациясы Ердәулет Орынбасаровқа табысталды.
Сондай-ақ, жастар саясаты саласында табысты еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Форум соңында аудан әкімі жастардың ой-пікірін тыңдап, еркін форматта сұқбаттасты. Аудан жастары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Ұсыныс-пікір білдіріп, ризашылықтарын да жеткізді. Облыстан арнайы келген кеш қонақтары да жылы лебіздерін айтып, біріге жұмыс жасай беретінін алға тартты.
Ерекше форматта өткізілген жастар форумы жоғары деңгейде өтті. Жастар білікті, білімді болғанда ғана Қазақ елі ғасырлар белесінен сүрінбей өтетіні хақ.


Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
Ерсін СӘДУҰЛЫ (суреттер)




01 қаңтар 2022 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10289)

23 наурыз 2024 ж.

№23 (10288)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (10287)

16 наурыз 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031