Дүбірлеген сабан той 2022
qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының Тұрмағамбет ауылындағы "Тұрмағамбет ЖШС-гі" Пірмантаев Нұржан Айдарбекұлы басқаратын шаруашылық жоғарғы көрсеткіштерімен биылғы жылды қорытындылады.
Шаруашылық басшысы ала жаздай маңдай терін төгіп жоғарғы өнім алған еңбеккерлерді марапаттау үшін аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Әділ Қошалақовты арнайы шақыртты. Ең жоғарғы марапат иесі үздік бригадир Жәрмедетов Өтеген Бодыбайұлы миллион теңгенің иесі болды. Екінші жаңа үй иесі шаруашылықтың ең үздік астық тасымалдаушы механизатор Жәкеев Оңалбай Меңгерұлына табыс етілді. Келесі сый- сиапат иелері жоғарғы өнім алған сушыларға ақшалай табыс етілді. Осы шаруашылықта еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан бірқатар азаматтарға шапан жауып сый-сыйапат көрсетілді. Сондай-ақ ауылдың бірқатар азамат азаматшаларына Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен марапаттады.
Ала жаз бойы сыр салысын өсіріп - баптаған еңбеккерлер марапат биігінен көрінді. Биылғы егін жинауда жоғарғы көрсеткіштерге жеткен бригада күріш сушылары, жатка жүргізушілері, комбайн жүргізушілері не және тасымалдаушы механизаторларға ақшалай сыйлық тар табыс етілді. Шара ары қарай түрлі ұлттық спорттық ойындар мен жалғасты. Әйелдер арасындағы қол күрестен ауылымыздың аяулы ұстазы ағылшын пәннің мұғалімі Әсем Сүлейменова бірінші орынды қанжығасына байлады. Ләңгі тебу, қол күресі, арқан тартыс қазақша күрес, қошқар көтеру түрлері болып жеңімпаздар анықталды. Әйелдер арасындағы арқан тартыстан «Гүлмира апа» тобы бірінші орынды алса, екінші орынды «Ұлмекен апа» тобы алды. Үшінші орынға «Құндызай апа» тобы ие болды.
Осылай дүбірліген АЛТЫН КҮЗ сабан тойымыз лотерея ұтыстарын ойнатып түрлі бағалы заттардың иесін анықтады. Орталық тойханамызда мерекелік дастарқан жайылып еңбеккерлерге құрмет көрсетілді.
Берекелі КҮЗ ел ырысы! Қамбамыз астыққа толсын. Мереке құтты болсын!