Еңбек еленген күн
ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде "Достық Жер МК"ЖШС-і ауыл шаруашылығы еңбекккерлерінің,ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі "Алтын күз-2019"мерекелік шарасы өтті.
Мерекелік шараға Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов,құрметті аудан,облыс қонақтары,ардагерлер,ауыл тұрғындары мен шаруалар және дихандар қатысты. Алдымен "Достық Жер МК"ЖШС-і директоры М.Сәрсенбаев қысқаша есебін жасап,хабарлама жасады.
Шара барысында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов өз сөзінде: бұл ауыл ерекше орны бар ауыл,өзінің еңбекқорлығымен танымал болған ауыл,қазіргі таңда қайта жаңғырып,қайта гүлденуде.Мұның бәрі әрине іскер басшыға байланысты.Бұл үлкен жетістікке жету өз ісіне деген адалдығы,ең жоғарғы құрметке лайық екендігін ерекше құрметпенен М.Сәрсенбаевтың еңбегін атап өтті.Ауыл тұрғындарын,барлық еңбеккерлерді еселі еңбектерімен құттықтап,ыстық ықыласын жеткізді.
Шаруа шаттанып,дихан рухани күш-қуат алған мерекеде жыл қорытындысымен жоғары көрсеткішке қол жеткізген үздіктері мысалға:
6 /алты /егіс бригадирлері автокөлік және ақшалай сыйлыққа ие болса, механизаторларға,жұмысшыларға,жаткистерге,сушыларға,жұмысшыларға ақшалай және заттай /теледидар,тоңазытқыш т.б./табыс етілді.
Сонымен қатар шаруашылықтағы қызметкерлер 2019 жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін М.Сәрсенбаевтың арнайы Алғыс хатымен марапатталып,оларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетсек марапаттау барысында,олардың қатарында ауыл ақсақалдары,зейнеткерлер,абзал аналар,қоғамдық жұмыста белсенділер "Цай Ден Хак"атындағы төсбелгісімен марапатталды.
Ауыл ақсақалы,ардагер Кенішбек әке шаруашылық басшысы М.Сәрсенбаевқа және барлық қатысушыларға ақ батасын берді.
Іс-шара эстрада жұлдыздары концертіне ұласып,от шашуға ұласты.
Р.Тұрманова
ІІІ Интернационал ауылының кітапханашысы,
онлайн орталығының жаңалықтар үйлестірушісі.