» » "Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында"

"Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында"

qarmaqshy-tany.kz Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Үсен Көлдейұлы Томанов атындағы N183 орта мектебінде "Өзін-өзі басқару" ұйымының "Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында" атты апталық жоспарына сәйкес 18 қараша күні 8, 9, 10 сынып оқушыларымен мектеп ұстаздары арасында "Екі жұлдыз" атты апталықтың қорытынды кеші болып өтті. Мақсаты: өнерді насихаттай отыра оқушыларды салауатты өмір салтын сақтауға баулу.
Кешке оқушылар мен ұстаздар белсенділік танытып, өнерлерін ортаға салды. Сан қырынан танылған қатысушылар көрерменді тәнті етті. Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау оңайға соқпады.
Тартысты сайыстың нәтижесі бойынша 10 "А" сынып оқушысы Асылбекова Диана мен тарих пән мұғалімі Талқиева Индира І орын,  10 "Б" сынып оқушысы Өтегенов Наурызхан мен ағылшын тілі пән мұғалімі Бакманова Ләззат ІІ орын, 9 "А" сынып оқушысы Кішкентаев Арман мен мектеп психологы Әбілтаева Гүлбаршын ІІ орын,  9 "А" сынып оқушысы Базарбаев Мирас пен орыс тілі пән мұғалімі Жүсіпбек Әсем ІІІ орын, 8 "А" сынып оқушысы Әлдебаев Айдын мен Тұрашева Аружан ІІІ орындарды иемденді.
Ұстаздар мен оқушылар марапатталып "кәсіподақ ұйымының" барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтары табысталды.
«Қт» ақпарат.
21 қараша 2022 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031