» » Облыс әкімі төтенше жағдай министрімен кездесті

Облыс әкімі төтенше жағдай министрімен кездесті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Юрий Ильинмен кездесті.

Басқосуда өңірге қатысты бірлескен жұмыстар талқыланды. Оның ішінде Сырдария өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу және қалпына келтіру, өрт сөндіру бекеттерін орнату, құтқару жабдықтары мен арнайы техника сатып алу мәселелерін пысықтады. Бұл бағыттарда қаржыландыру тетіктерін қарастыру арқылы жұмысты үйлестіру барысы сөз болды.

Айта кетейік, министр жұмыс сапары барысында бірқатар нысандарды аралап, халықпен кездесулер өткізіп, тұрғындардың сауалына жауап берді.

Жұмыс сапары барысында Юрий Ильин Қызылорда қаласында «112» Бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметінің жұмысымен танысып, Қызылорда су торабының күрделі жөндеу жұмысын саралап, аймақтық гарнизондағы жеке құраммен кездесті.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі



18 қараша 2022 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 297
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 447

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30