» » Қоғамдық көліктердің қатары 42 жаңа автобуспен толықты

Қоғамдық көліктердің қатары 42 жаңа автобуспен толықты

Тұрғындарды қуанышты сәтпен құттықтаған шаһар басшысы Асылбек Шаменов жаңа қоғамдық көліктер қызылордалықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағыттылған маңызды қадам екенін атап өтті.

Жалпы, қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту ешқашан назардан түскен емес. Осы ретте естеріңізге сала кетейік, облыс әкімінің тікелей қолдауымен «Қызылорда автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ы арқылы жаңадан лизингке 150 дана автобус алуға 1 млрд. 434 млн. теңге қаржы бөлінген болатын. Игі істің нәтижесі ұлттың ұлық мерекесі - Республика күні қарсаңында 40 дана автобус қалаішілік бағыттарға қосылса, бүгін қала тынысына серпін берген, экологиялық таза, ең бастысы мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы автобустардың екінші легі, яғни 42 данасы келіп, игі іс жалғасын тауып отыр.

Соңғы үлгідегі заманауи автобустар жаңадан қосылған №19 және №20 бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдайтын болады.

Қоғамдық көліктердің кілтін табыстау рәсімінде қала әкімі Асылбек Шаменов: “Жыл соңына дейін қалған автобустар әкелініп, жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған жоба нақты жемісін береді” деді.

Ел игілігіне, бұқара жұрттың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған басқа да ілкімді істер жалғасын таба бермек.

17 қараша 2022 ж. 360 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 130

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 141

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 284

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930