» » 15 қараша жұмыс беруші күні

15 қараша жұмыс беруші күні

qarmaqshy-tany.kz Атаулы күнге орай Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде "АДАМ ЕҢБЕГІМЕН ҚҰРМЕТТІ" атты іс шара өткізілді. Шараға колледждің жұмыс беруші әлеуметтік серіктестері, колледж оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жұмыс беруші әлеуметтік серіктес мекемелер-біздің колледж үшін өзіндік үлкен орны бар ынтымақтастықтағы ұжым болып табылады. Кәсіпорын-Колледж-Студент үш жақты келісім-шарт аясында колледжіміз қаламыздағы 60-тан астам мекемеде білімгердің шығармашылық іскерлігін шыңдап, жұмысқа бейімділігін, рухани-адамгершілік мәдениетін және болашақ мамандардың сауаттылығын қалыптастырып келеді.
Шара аясында колледждің әлеуметтік серіктестері "Мир-2001" ЖШС Бас директоры Сейфулла Ажмолдаев пен "АСАР ПЛЮС" ЖШС Бас директоры Сейл Жумадьяров ҚР оқу-ағарту министрі А.Аймағамбетовтің АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.
Аталған іс шарада колледж директоры, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Дауленбаев Ануар ағай колледждің әлеуметтік серіктестерін марапаттап, еңбектеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да қоян-қолтық жұмыс жасап, болашақ білікті мамандар даярлау барлығымызға үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.
Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Байқоңыр қаласындағы маманы, жеке кәсіпкер Нурмаганбетов Ерлан Куанышевич құттықтау сөз сөйлеп, жұмыс беруші серіктестіктердің жұмыстарына сәттілік тіледі.

17 қараша 2022 ж. 662 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 043
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 711

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031